Текст
10.03.2021
Құрметті ата-аналар! Мектеп формасына қатысты шешімді өздеріңіз қабылдайсыздар. Балалар мектепке мектеп формасымен немесе классикалық стильге жақын өзіне ыңғайлы әрі ұқыпты киіммен келе алады. Оқу жылы басталғанға дейін Білім және ғылым министрлігі биылғы оқу жылында мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналарға қабылдауға мүмкіндік беретін бұйрыққа қол қойған болатын. Бұл карантиндік шектеулер жағдайында ата-аналар мен оқушылардың ыңғайы үшін қабылданған шешім. Құрметпен, мектеп әкімшілігі.
01.03.2021
Алғыс - қазақ халқының ұлттық танымындағы ізеттіліктің бір түрі. Кішіпейілділік танытып, жылы ілтипат білдіру адамдар арасында жақсы қарым-қатынас орнатары сөзсіз. Осы орайда, Мусипова Жанар Сагдатовна 3 сынып оқушыларымен "Ризашылық - мейірімділік бұлағы" атты сынып сағатын және Алғыс ашық хаттарын жолдады.
01.03.2021
10-сынып оқушыларымен "Нашақорлық - ғасыр дерті" тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын кең тұрғыда жүргізуді өз міндетіміз деп есептейміз!
01.03.2021
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/166659?lang=ru
Обращение заместителя Генерального Прокурора Республики Казахстан Дембаева Б.Б. в порядке статьи 31 Закона «О прокуратуре»
К списку
УВАЖАЕМЫЕ ГРАЖДАНЕ!
В социальных сетях отдельные лица распространяют призывы к участию в незаконных митингах и шествиях в...
18.02.2021
"Өзін өзі тану; Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты апталық аясында "Ән көңілдің ажары" атты ән байқауы мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Р. Барахатовтың жетекшілігімен 5-11 сынып оқушылары арасында өтті. Байқау жеңімпаздары; І- орын Кеңесова Айжан 11 сынып оқушысы
18.02.2021
08 - 12 ақпан аралығында "Дарын" сайтында онлайн режимінде 9 - 11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтуде. Біздің мектебімізден аудандық олимпиадаға 30 оқушы қатысуда. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!!!
18.02.2021
«Ұстаз тілегі» республикалық ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен Қазақ тілі пәнінен оқушылар арасындағы Республикалық онлайн олимпиадасында ІІІ дәрежелі Дипломмен 6 «Ә»-сынып оқушысы Жақсылық Алуа марапатталды, жетекшісі –Искакова Балкүміс Қабдоллақызы.
18.02.2021
2021 жылдың ақпан айының бірінші жұлдызында «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында өзін-өзі тану пәні бойынша он күндігі өтілуде. Мектебіміздің өзін өзі тану пәнінің мұғалімі Сулейменова Асель Жумабаевна осы тақырыпқа сай стенд безендірді. Онкүндіктің мақсаты: Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, пән мұғалімдерінің өзара іс-тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Өзін-өзі тану пәнінің мектеп бағдарламасына енуі – Тәуелсіздіктің тәтті жемісі. Рухани-адамгершілік тәрбиесі – Адам болып қалыптасуының алғы шарты. Білім беру жүйесінде балаларды адами құндылықтар әлеміне тартып, адами қарым қатынас нормаларымен таныстыру, азаматтық мәдениетті қалыптастыру және дамыту осы пәннің еншісіне тиді. Бұл істе – Сара Алпысқызы Назарбаеваның еңбегі орасан!...
18.02.2021
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығының қарсаңында мектеп кітапханасында «Еңселі елден-Мәңгілік елге» тақырыбында көрме ұйымдастырылған. Кітапханашы Казыбаева Жанаргуль Сайлаубековна бастауыш сыныптар арасында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» «Еңселі елден – Мәңгілік елге» атты тақырыбында әңгіме жүргізді.
18.02.2021
Оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге, саяси сауаттылыққа баулуға, оқушылар өз құқықтарын қорғай білуге, оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында "Жас Ұлан" ұйымының мүшелерімен "Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті" тақырыбында әңгіме жүргізілді.