Текст
29.10.2020
Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінде қамқоршылар күніне арналған "Жылы жүрек - жомарт қол!" атты онлайн іс-шара өтті.
Қамқоршы Анамыз - Ахмаганбетова Асылжан Женисовна.
Сіздің қамқорыңызда балалар бар, соған байланысты кез –келген қамқорлық «Аялы алақаннан» басталады. Сіз баланың бақытты болуына жәрдемдесесіз. Кез келген бала бақытты болуға лайықты. Бақытқа қол...
28.10.2020
COVID-19 тандамайды. Үйде қалыныздар. Өздерінізді және жақындарынызды аурудан сақтаныздар!
28.10.2020
Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінің химия пәні мұғалімі Нуралина Қымбат Мұратқызы "Педагогикалық идеялар вернисажы" атты сырттай облыстық сайысқа қатысып, ІІ орын алып, дипломмен марапатталды. Қымбат Мұратқызы білімді шәкірттеріңіз көп болсын! Құтты болсын!!!
28.10.2020
Мектебіміз "Үздік ресурстық орталық (Тірек мектеп)" республикалық конкурсының облыстық кезеңіне белсенді қатысқаны үшін Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің сертификатымен марапатталды. Ресурстық орталықтың жұмысын ұйымдастырып, сапалы жұмыс жасауына ат салысқан педагогикалық ұжымға алғысымызды білдіреміз.
28.10.2020
Мектебіміздің математика пәні мұғалімі Алтынай Самуратқызы Қоқанованың "Мәтінді есепті шығару әдістері" тақырыбындағы мақаласы "Білім әлемі" Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналына жарияланып, сертификатқа ие болды. Ол мақалаға Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы,, профессор Раиса Канабековна Қарсыбаева оң пікірін жазды.
28.10.2020
Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Назира Ахметқызы Уразова облыстық педагогикалық шеберлік орталығының тренері Майра Есболқызы Смаиловамен бірігіп "Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушылардың оқылым дағдысын дамыту түрлері" тақырыбында республикалық деңгейде вебинар өткізді. Вебинар барысында мұғалімдерге аталған тақырып бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, тәжірибе бөлісіп, талқылау жүргізілді.
28.10.2020
Абай атындағы № 2 қазақ орта мектебінің психологы 2020 жылдың қазанның 27-28 жұлдызындарында «Нашақорлық қауіпті дерт» атты онлайн түрде 9 «а», «ә» , 8- сыныптарымен іс-шара өткізді.
Іс- шараға 25 оқушы қатысты. Мектеп психологы Сулейменова Асель Жумабайқызы нашақорлықтың зияны жөнінде айтып іс-шараны өз сөзімен бастады. Оқушыларға жоғары санатты нарколог дәрігерлер, психикалық сауықтыру орталығының мамандары, полиция департаментінің есірткі...
28.10.2020
Абай атындағы №2 орта мектебінің кітапханашысы Ж.С.Казыбаева "Экология және Біз" атты тақырыпта табиғатқа, Жер экологиясына, оның ішінде Қазақстан экологиясына яғни біздің өлкеміздің экологиясына арналған көрме ұйымдастырып, оқушылармен әңгіме жүргізді.
Табиғат — ол Өсімдік. Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңке, суықта- пана, ауырғанда — дәрі, ренжігенде — қуантатын табиғаттың сұлу көркі. Өсімдік таза ауа,...
28.10.2020
Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінде «Берекелі, мерекелі Алтын күз!» атты бастауыш сыныптар арасында көрме ұйымдастырылды.
28.10.2020
Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінде "Бірге - Таза Қазақстан" акциясы жалғасуда.