"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СТЕПНЯК ҚАЛАСЫНЫҢ АБАЙ АТЫНДАҒЫ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРОЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ИМЕНИ АБАЯ ГОРОДА СТЕПНЯК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРОЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп психологының ұсыныстары

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта мектептегі инклюзивті білім беру

жағдайында білім берудің жаңартылған мазмұндағы МЖМБС талаптарын жүзеге асырудың ерекшеліктері

 

Қазақстан Республикасының Заңдары: «Білім туралы», «Балалар

құқықтары туралы», «Мүгедектер құқықтары туралы», «Мүмкіндігі шектеулі

балаларға арналған әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетудегі

қолдау туралы»;

− Нормативті құжаттар мен актілер: «Балалар мен жасөспірімдерді

тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-

эпидемиологиялық талаптар», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау

жүйесі туралы» (13.01.2014 ж ылғы өзгертулерімен және толықтыруларымен)

ҚР Кодексі, Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)

мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Дамуында мүмкіндіктері шектеулі

балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының қызметі жөніндегі Типтік

ережелер», «Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы [4-12].

Қазақстан Республикасының заңдамалары, арнайы білім беру

қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғауды, осыған қатысты барлық

құқықтық ережелерінің сақталуын және осы балалардың өмір сүру сапасын

жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді, олардың жоғары

сапалы білім беру қызметтерін алуын, қол жетімді орта құрылуын қарастырады.

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру халықаралық құқықтық актілерге

бейімделген: «Балалар құқықтары туралы конвенция», «Мүгедектер құқықтары

туралы Конвенция», «Ерекше оқытуды қажет ететін адамдардың білімі

бойынша Саламанк декларациясы мен Іс-қимылдар шеңбері» және т.б. [13-15].

Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне мен оқу қажеттіліктеріне білім беру

ортасын бейімдеу және педагогикалық тәсіл негізінде олардың тұрғылықты

жерiне қарай барлық оқушылар үшін тең оқу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету –

Қазақстанда инклюзивті білім беру нoрмативті-құқықтық базасының негізгі

постулаттарына негізделген.

Инклюзивті білім беруді дамыту инклюзивті саясат пен тәжірибені

жетілдірусіз және инклюзивті құндылықтарды жүйе деңгейіне толық, сондай-ақолардың жеке институттары деңгейіне ендірусіз мүмкін емес. Инклюзивті білім

беру әр адамды түрлі жолдармен белсенді инклюзиялауды, дербестендірілген

ықпалды және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға білім беру процесіндегі

кедергілерді жою негізінде оқыту мен оқу ортасын жетілдіру арқылы тең

мүмкіндіктер жасауды көздейді.

Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамытудың маңызды кезеңі

қазіргі кезеңдегі инклюзивті білім беруге жататын адамдардың санатын

кеңейтілуі, оларды сапалы білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету

қажеттілігі болып табылады. Әртүрлі санаттағы балаларды инклюзивті білім

процесіне енгізу нормативті-құқықтық базаны жетілдіреді, білім беру

мекемелерінде осы жұмыстарды жүйелеу талап етіледі және осы санаттағы

балалардың білім беру қажеттіліктерін зерделейді.

Жалпы білім беретін ұйымдарға қосылған ерекше білім беруге

қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша,

сондай-ақ арнайы білім беру бағдарламалары бойынша ҚР МЖМБС және

ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация)

ұсынымдарына сәйкес білім алады. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар

білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгерудің ерекшеліктеріне

байланысты мұғалім олар үшін бағдарламаларды ҚР МЖМБС аясында

бейімдей алады.

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беруге

қосу нысандары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17

мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары

(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында»

баяндалған.

Арнайы және инклюзивті білім беру барлық оқушылардың білім алу

қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған психологиялық-медициналық-

8

педагогикалық кеңес беру ұсынымдарын ескере отырып әзірленген арнайы

және жалпы білім беретін оқу бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.

Бастауыш мектепте ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар

психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның орытындысына

сәйкес ҚР БҒМ 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген

арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқиды.

Арнайы және инклюзивті білім беру бағдарламаларының мазмұны келесі

қағидаларға негізделеді:

− Баланың мүдделерін сақтау. Қағида баланың мәселесін барынша және

оның қызығушылығымен табысты шешуге шақыртылған маманның ұстанымын

айқындайды.

− Жүйелілік. Қағида диагностиканың, түзету мен дамытудың бірлігін

қамтамасыз етеді, яғни арнайы қажеттіліктері бар балалардың даму

ерекшеліктері мен түзетулерге талдау жасауда жүйелілік тұрғыда келу, сондай-

ақ түрлі сала мамандарының жан-жақты көпдеңгейлі ықылас-ықпалдары,

баланың мәселесін шешуде олардың өзара әрекеттестігі мен келісімдері;

аталған шараға білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының қатынасуы.

− Үздіксіздік. Қағида балаға және оның ата-аналарына (заңды

өкілдеріне) проблеманың толық шешілуіне немесе оны шешудің тәсілдерін

айқындауға көрсетілетін үздіксіз көмекке кепілдік береді.

− Вариативтілік. Қағида психикалық және (немесе) дене дамуында түрлі

кемшіліктері бар балалардың білім алуына арналған вариативтік жағдайлардың

жасалуын ұйғарады.

− Көмекті көрсетудің ұсынымдық сипаты. Қағида арнайы қажеттіліктері

бар балалардың алатын білімін, білім беру ұйымын таңдауда, балалардың

заңдық құқықтары мен мүдделерін қорғауға, ата-аналардың (заңды өкілдерінің)

арнайы қажеттіліктері бар балаларды арнайы білім беру ұйымдарына

(сыныптарға, топтарға) жолдамамен бағыттау (ауыстыру) туралы мәселелерді

шешу бойынша міндетті келісімдерін қосқанда, заңнамада кепілдендірілген ата-

аналық (заңды өкілдерінің) құқықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.

2016-2017 оқу жылында 1-сынып білім алушыларының оқыту процесі

бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы ҚР МЖМБС және ҮОЖ-ға

сәйкес іске асырылады [16, 17], 2-11 сыныптар (пилот мектебіндегі 2-

сыныптардан басқа) - МЖМБС іске асырылады [10].

Жаңартылған білім беру мазмұнында ерекше білім беруге қажеттілігі бар

балаларды оқыту кезінде оқу жетістіктерін анықтауда да критериалдық бағалау

жүйесі қолданылады.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды бағалау кезінде

ҚР МЖМБС-2015 көрсетілген білім алушылардың дайындық деңгейіне

қойылатын талаптарға бағдарлануы қажет. Алайда, кейбір білім алушыларда

бағдарламаны меңгеру мерзімі ұзағырақ, оның нәтижесінде олар қалыпты

дамыған балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

деңгейіне сәйкес келетін деңгейге жетеді.

9

Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар

түлектері, оның қатарында есту, көру қабілетінде, тірек-қимыл аппаратында

бұзылыстары бар және күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген

түлектер алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат алады.

Осыған орай МЖМБС сәйкес білім беру сапасын арттыру барысында

жұмыстың маңызды бағыттары білім беру процесінің барлық

қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең

қолжетімділігін қамтамасыз ету, оқушылардың білім алу қажеттіліктерін

қанағаттандыру, тез өзгеретін әлемде табысқа жету; орта мектептерде

Қазақстан Республикасының азаматының зияткерлігін, дене бітімі және рухани

дамуын қалыптастыру болып табылады.__

Жаңартылған күні: 18.04.2019 11:02
Құрылған күні: 27.02.2022 00:32

Текст