"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СТЕПНЯК ҚАЛАСЫНЫҢ АБАЙ АТЫНДАҒЫ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРОЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ИМЕНИ АБАЯ ГОРОДА СТЕПНЯК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРОЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Абай атындағы №2 ЖОББМ» КММ Зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысы бойынша есеп

«Абай атындағы №2 ЖОББМ» КММ

Зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысы бойынша есеп

 

Ел ертеңі-бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын Қазақ халқы қашанда жастарын имандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеген. Сондай шараның жалғасы ретінде Біржан сал ауданының теолог маманы Надырбаев Қобыланды Үрістемұлы «Ислам - өмір айнасы» тақырыбында 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуде аудан имамы қазіргі таңда белең алып бара жатқан жат ағымдардың қоғамға зияны туралы және осындай диструктивті ағымдардан бойларын аулақ ұстауға үндеді. Жастар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауап берілді. Жастарды теріс діни ағымнан бойларын аулақ ұстау, жастарды имандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған кездесу соныңда аудан имамы жастардың оқуларына жеміс тілеп қоштасты.

Балалардың үйде, көшеде, табиғатта, өрт кезіндегі, сабақ уақытындағы, мектептегі, судағы және су қоймаларындағы қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін толықтырып, бекіту; алғашқы дәрігерлік көмектің қарапайым түрін көрсете білуге үйрету; өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу мақсатында 5,7,10-сынып оқушыларымен "Қауіпсіздік ережелері" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік ережесіне қол қойды. Тәлімгер: Ж.С.Мусипова.

 

 

 

 

 

Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру және дамыту ұйымшылдықпен тәртіптіліктің тиімді жолдарын үйрету, жауапкершілікті арттыру, зорлық-зомбылық, қатыгездік жаттардан сақтану  мақсатында, Біржан сал ауданы полиция бөлімі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Бердімұрат Иманбек 5-8 сыныптың оқушыларымен кездесу өткізді.

 

 

«Өз құқығыңды білесің бе?»
Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру мақсатында өзін-өзі басқару ұйымы мен мектеп тәлімгері Ж.С.Мусипова «Өз құқығыңды білесің бе?» атты бастауыш сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді.

Кәмелетке толмағандардың ортасында интернет ресурстарды қолдану мәдениетін қалыптастыру, балалардың интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты "ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТ" тақырыбы бойынша 7-сынып оқушыларымен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тәлімгер: Ж.С.Мусипова

17.02.22ж.Жалпы, қазақта «қызды қырық үйден тыю» деген сөз бекер айтылмаған. Біздің ата-бабамыз келешек ұрпағының тазалығын қыздың тәрбиесінен бастаған. Осындай дәстүрдің бәрін жоққа шығарып, демократияны желеу етіп, өркениеттілік осы екен деп, бетімен кету – ол біздің ата дәстүрімізге, жалпы ұрпағымызды тәрбиелеп-өсіруге кері әсерін тигізеді. Оң жақта отырып, Алла Тағаланың берген қыздық қасиетін сақтай алмаған қыздардың өз тағдырына да жауапсыз қарағаны. Ондай қыздар келін деген, болашақ ана деген атқа лайықты деп айта алмаймыз. Мұндай қыздарға бір әулеттің жауапкершілігін сеніп тапсыруға болмайды. Сондықтанда бүгінгі дөңгелек үстелімізде жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктен сақтану мақсатында мектебіміздің педагог-психологы А.Ж.Сулейменова мен Ж.С.Мусипова 8-сыныптың қыздарымен "Ерте жүктілік немен қауіпті" тақырыбында сөз өрбітті.

 

Тұрмыстық зомбылықтың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізу мақсатында, мектебіміздің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері А.Ж.Сулейменова мен А.С.Қырықбесова 6-7 сынып оқушыларына "Зорлық зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында эссе жазғызды. Ерекше көзге түскен 7- сынып оқушылары Даярбек Аружан, Серикова Аяулым, Серикова Жания, Балиева Эльнара.

18.01.22 жылы мектебімізде қыздардың тәртібін түзеп, тәрбиесін дұрыс жолға қою мақсатында «Қыздар-қызғалдақтар» ұйымы жұмыс жасайды. Жоспарға сай 7 сынып қыздарымен "Қыздар сұлу көрінер қылығымен" атты мектеп тәлімгері мен педагог-психолгі дөңгелек үстел өткізді.

2021 жылғы 23 қараша күні "Зорлық-зомбылықтың алдын алу " тақырыбында шағын жиын өтті. Жиын барысында мектебіміздің педагог-психологі А.Ж.Сулейменова балалардың арасында болатын зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары мен маңызы туралы баяндама оқып, шағын тренинг өткізді.

25 нед.

 

Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.
Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.
Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қалаптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет. Осыған орай мектебіміздің педагог-психологі А.Ж.Сулейменова «Әдептен озбайық» атты тренинг өткізді.
Ал мектеп тәлімгері Ж.С. Мусипова «Қыз бала ұлтың ұяты, халықтың шырайы» атты сыр-сұхбат жүргізді

 

«Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында 2- сынып оқушыларымен өткен тәрбие сағаты. Сынып жетекшісі: Б.С.Шакирова.

Жаңартылған күні: 14.03.2023 14:31
Құрылған күні: 14.03.2023 14:31

Текст