"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СТЕПНЯК ҚАЛАСЫНЫҢ АБАЙ АТЫНДАҒЫ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРОЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ИМЕНИ АБАЯ ГОРОДА СТЕПНЯК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРОЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы

Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінің «Қамқоршылық» кеңесінің отырысының хаттамасы

 

Хаттама №1

 

Өткізілген уақыты: 13.09.2018 жыл
Қатысқандар: Мектеп директоры - Н.А. Шакиров
Ө.Ө. Жомартов

М.У. Аяганова

А.Б. Омарова

А.С. Истаев

К.Ш. Болатов

К.К. Байманов

Ж.Е. Культябина

А.Партизанұлы

 А.З. Шокенова

Қатыспағандар: жоқ

                                                               Күн тәртібінде

1. Қамқоршылық кеңесін құру.

2. Қамқоршылық кеңесінің мүшелерін сайлау
3. 2018-2019 оқу жылына отырыстардың жылдық жоспарын бекіту

Тыңдалды:
    Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры – Н.А.Шакиров сөз алды. Өз сөзінде Біржан сал аудандық білім бөлімінің бұйрығымен таныстырып өтті. Онда барлық білім мекемелерінде «Қамқоршылық кеңесін» құрылу керек екендігін айтты, сонымен қатар қамқоршылық кеңесін сайлау тәртібіміз үлгілік қағидасы жіберіліп отырғанын және де сонымен таныстырып өтетінін айтты.
Екінші мәселе бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі С.С. Сыздыков сөз алды.
Ол өз сөзінде 2017 жылғы 11 қазанда мектеп директорының № 02-16/166 бұйрығымен кеңес құрылғандығын және оған отырған 9 адам:

Ө.Ө. Жомартов - «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары

М.У. Аяганова – Ішкі саясат бөлімінің бас маманы

А.Б. Омарова – Жеке кәсіпкер

А.С. Истаев – Аудандық спорт бөлімінің басшысы

К.Ш. Болатов – Салық бөлімінде күзетші

К.К. Байманов – АББ-де заңгер

Ж.Е. Культябина – жұмыссыз

А.Партизанұлы – АІІБ-нің аға инспекторы

 А.З. Шокенова – Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, бас маманы мүшелікке кіретіндіктерін айтты.

   Қамқоршылық кеңесінің төрағасы және хатшысы болу керектігін айтып және сайлау жүргізуді ұсынды. Айтылған ұсыныс бойынша кеңес мүшелері өз ойларын айта отырып, бір ауыздан төрағалыққа Жомартов Өміртай Өсербайұлы қалдырылғаны дұрыс деп, ал хатшылыққа Шокенова Анар Забеновна болғаны дұрыс деп шешті.


Шешім:


1. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып Жомартов Өміртай Өсербайұлы қалдырылсын.
2. Қамқоршылық кеңесінің хатшысы болып Шокенова Анар Забеновна  сайлансын.

3. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері өзгеріссіз қалсын.

Үшінші мәселе бойынша кеңес төрағасы Ө.Ө. Жомартов сөз алды. Кеңес болғандықтан, тоқсанына бір рет отырыс өткізуіміз керек екенін және сол отырыста қаралатын мәселелерді жоспарлап алуды ұсынды.. 

Кеңес төрағасы: Ө.Ө. Жомартов
Кеңес хатшысы: А.З. Шокенова  

 

 

 

 

 

Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінің «Қамқоршылық» кеңесінің отырысының хаттамасы

 

Хаттама №2

 

Өткізілген уақыты: 10.01.2019 жыл

Қатысқандар: Мектеп директоры – Н.А. Шакиров

Ө.Ө. Жомартов - «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары

М.У. Аяганова – Ішкі саясат бөлімінің бас маманы

А.Б. Омарова – жеке кәсіпкер

А.С. Истаев – Аудандық спорт бөлімінің басшысы

К.Ш. Болатов – Салық бөлімінде күзетші

К.К. Байманов – АББ-де заңгер

Ж.Е. Культябина – жұмыссыз

А.Партизанұлы – АІІБ-нің аға инспекторы

А.З. Шокенова – Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, бас маман

Қатыспағандар – жоқ.

Күн тәртібінде:

  1. Мектептегі тегін бір мезгілдік ыстық тамақты қадағалау жұмысы.
  2. «Қамқорлық»  акциясының жұмыс жоспарын құру.
  3. Әртүрлі мәселелер.

 

Тыңдалды:

 

Бірінші мәселе бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі С.С. Сыздыков

мектептегі тегін бір мезгілдік ыстық тамақты қадағалау жұмысы жайындаақпарат берді. Асханада мектеп ұжымының және бракеражды комиссиясының кезекшілігінің жұмысын айтып өтті.

 

Екінші мәселе бойынша 2019 жылдың 10 қаңтар № 02-16/114 бұйрығына сәйкес «Қамқорлық» акциясының жұмыс жоспарын мектеп әкімшілігі мен қамқоршылық кеңесі құрды.

Әртүрлі мәселелер бойынша қамқоршылық кеңесінің мүшесі М.У. Аяганова сөйледі.

 

  •  

 

  1. Мектептегі тегін бір мезгілдік ыстық тамақ қадағалансын.
  2. «Қамқорлық»  акциясының жұмыс жоспарына сәйкес аз қамтылған отбасыларына көмек көрсетілсін.

 

Кеңес төрағасы: Ө.Ө. Жомартов
Кеңес хатшысы: А.З. Шокенова  

«Абай атындағы№2 қазақ орта мектебінің» 2020 жылдың 07 қыркүйектегі    қамқоршылық кеңес отырысының 

ХАТТАМАСЫ 

Қатысқандар – 11 

Қатыспағандар – жоқ 

Өткізілген уақыты: 07.09.2020 

Мектеп директорының міндетін атқарушы – Р.Г. Абуов 

Тәрбие ісінің меңгерушісі – Р.Т. Суттубаева 

Ө.Ө. Жомартов – қала әкімі 

М.У. Аяганова – Ішкі саясат бөлімінің бас маманы 

А.Б. Омарова - Жеке кәсіпкер 

А.С. Исатаев – Аудандық спорт бөлімінің басшысы 

К.Ш. Болатов – Мал дәрігері 

К.К. Байманов – Аудандық білім бөлімі -  заңгер 

Ж.Е. Култьбина – Жұмыссыз 

А. Партизанұлы – АПБ –нің аға инспекторы 

А.З. Шокенова – кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы 

 

 

 

                                         Күн тәртібінде: 

  1. «Абай атындағы № 2 қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымының бос орнына жарияланған конкурсқа қатысуға Руслан Ғалымұлы Абуовтың тапсырылған құжаттарын қарастыру, шешім шығару 

 

 

Тыңдалды: 

Білім бөлімінің бас маманы – Мурзагулова Махаббат Амангелдіқызы мектеп директорының міндетін атқарушы Руслан Ғалымұлы Абуовтың өмірбаянымен, жұмыс өтілі жайлы  айтып өтті. 

Сөз кезегі Абуов Руслан Ғалымұлына берілді.  

Мектеп директоры міндетін атқарушы Абуов Руслан Ғалымұлы Аббаттандыру жұмысын ары қарай жандандыру, сонымен қатар, қазақтың ұлттық ойындарына, жалпы үйірме жұмыстарына  кеңінен тоқталды . Оқу жылының басталуына орай, «Жаппай біліммен қамту» қорынан , яғни 5-санатқа жататын оқушыларға және көпбалалы отбасыларға «Ноутбук» құрылғыларын таратылғаны жайлы айтылды. 

«Антисептик» әрбір сынып бөлмесінде және кіре берісте бар екені, мектеп автобусында өңдеу жасалатыны және оқушылар парта арасында арақашықтықты сақталғаны жайлы айтылды. 

Отырыс төрағасымен кеңес мүшелері М.У. Аяганова, К.К. Байманов, Қ.Ш. Болатов, А.Б. Омарова, А.С. Исатаев, А. Партизанұлы , Ж.Е. Культябина,  А.З. Шокенова келісті. 

Отырыс барысында қойылған барлық сұрақтарға Руслан ҒалымұлыАбуовтан  толық жауап қайтарып, келешектегі мектепті дамыту жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар, білім сапасымен тәрбие жұмысына баса назар аударатына және оған жағдай жасалатынын айтты. 

Дауысқа салу. Кеңес мүшелері бұл ұсынысты ашық дауысқа салды. Дауыс беру нәтижесі бойынша: 

«қолдайтындар» - 10 

«қарсы» - 0 

 

 

Кеңес төрағасы:                                            Ө.Ө.Жомартов 

Кеңес хатшысы:                                           А.З. Шокенова 

                                          

                                                                    

   

«Абай атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі КММ» 2021 жылдың 04 наурыздағы  қамқоршылық кеңес отырысының

ХАТТАМАСЫ

Қатысқандар – 7

Қатыспағандар – 4

Өткізілген уақыты: 04.03.2021

 

                                           Күн тәртібінде:

 

  1. Мектеп басшысы Абуов Руслан Ғалымұлының есебі

                 Абуов Руслан Ғалымұлы сөз алды.

                  Тыңдалды:

  1. Аудандық Білім бөлімі тарапынан «Жаппай біліммен қамту қорынан» 60 оқушы  214696 (екі жүз он төрт мың алты жүз тоқсан алты)теңге соммасында оқу құралдарымен,  1 39947,20 (1 млн отыз тоғыз мың тоғыз жүз қырық жеті теңге жиырма тиын) соммасында мектеп формасымен, спорттық киім және  спорттық аяқ киімдермен  қамтамасыз етілгені жайлы айтылды.  Сонымен қатар, «Жаппай біліммен қамту қорынан»  бөлінген 127431(жүз жиырма жеті мың төрт жүз отыз бір ) теңге соммасында жаңа жылдық сыйлықтар 60 оқушыға таратылғаны және  де биыл дәстүрлі Президенттік шырша «Ғажайыпқа толы жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік онлайн форматында өткені жайлы айтты.  Оны облыстық телеарна және әлеуметтік желілер арқылы барлық балалар тамашалауға мүмкіндік алғаны айтылды. Осыған орай, көпбалалы отбасынан шыққан балаларымыздың бірі Ж.А. Президент  сыйлығына ие болғаны жайлы айтып өтті.  (жүз мың теңге көлеміндегі сертификат )  Соымен қатар,  оқушыларға Республикалық бюджеттен  60 ноутбук бөлінгені жайлы,  ол НОБД порталында   оқушылардың атында тіркелгені жайлы және ол  аз қамтылған, көп балалы отбасыларға ата – аналардың жеке өтініштерімен  беріліп жатқаны жайлы айтты. Сонымен қатар, Короновирус індетіне байланысты, мектебімізде барлық жағдайлар жасалғаны жайлы, атап айтқанда бір реттік қолғап 300 дана, 50 дезинфекциялау құралы , 20 кілемшелер, 40 дозатор, спрей антисептигінен 150 литр, 3 пирометр, 500 дана маска, 20  гермицидті шам,  1 бүріккіш бар екені айтылды.
  2. Короновирус індетіне байланысты оқушыларға барлық жағдайлар жасалып қадағалансын.

Кеңес төрағасы:Ө.Ө. Жомартов

 

          Кеңес хатшысы:                              А.З. Шокенова

 

                                                                 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 09.04.2019 09:37
Құрылған күні: 11.03.2021 19:28

Текст