Текст
18.02.2021
Тәрбие ісінің меңгерушісі Р.Т. Суттубаева және мектеп медбикесі Н.Р. Аяпбергеновнамен балаларды, COVID-19 коронавирусын таратудан және жұқтырудан қорғау шараларымен таныстыра келе, дене қызуы,иіс және дәм сезбеу, әлсіздіктің пайда болуы сонымен қатар, өкпе тініне тропты өткір жұқпалы ауру, ауру белгісі білінбей вирус әкелушіліктен бастап, уланумен, респираторлық сепсистің даму тәуекелі бар пневмонияға дейін жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының қабыну процесімен сипатталатын аурудың клиникалық белгілері бар нысандарымен өтетіні жайлы түсіндірді.
18.02.2021
Мектебімізде, сынып жетекші Искакова Балкүміс Кабдоллақызы 5- сынып оқушыларымен "Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы"атты өнеге сағатын өткізді. Өнеге сағатының мақсаты, Шәкәрім өсиетін насихаттау, адалдық ұғымының мәнін ашу. Оқушыларды адалдыққа, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
01.02.2021
Вакцинация
01.02.2021
Мемлекеттік қызмет
01.02.2021
18.01-22.01.2021ж аралығында “Математика,информатика және физика пәндері” апталығы болды. Апталық барысында 5”Ә” сыныбымен математика пәні мұғалімі Базарбайқызы Гүлмира “Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдыру” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
13.01.2021
Сонымен қатар, мектебіміздегі әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға Білім бөлімі тарапынан Жаңа жылдық тәтті сыйлақтарға ие болды.
13.01.2021
Жаңа жыл-барлық балалар ерекше тебіреніспен күтетін мереке. Биылғы жылы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа жылдық шыршалар құттықтау және сыйлықтар беру форматында, концерттік іс-шараларсыз өткізілді. Бүгін жаңа жыл қарсаңында аудан әкімінің орынбасары Орынбасар Ахметова білім бөлімінің әдіскері Махаббат Мырзағұловамен бірге жетім балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, оларға зор денсаулық және жаңа жылда тілектерінің орындалуын тіледі, сондай–ақ аудан әкімі Есжанов Достанбек Берікұлының атынан жаңа жылдық тәтті сыйлықтар табыс етті.
13.01.2021
ІІІ тоқсаннан бастап бітіруші сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
ІІІ тоқсаннан бастап бітіруші сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша III тоқсаннан бастап 9 және 11 (12) сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады. Бұл сыныптарда математика, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, физика,...
13.01.2021
Биыл дəстүрлі Президенттік шырша " Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!" мерекелік ертеңгілік онлайн арқылы өтті. Оны облыстық телеарна жəне əлеуметтік желілер арқылы барлық бала тамашалауға мүмкіндік алды. Осыған орай, көпбалалы отбасынан шыққан балаларымыздың бірі Жарлғасынова Ақмерей Президент сыйлығына ие болды.
13.01.2021
Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" атты Республикалық байқауына қашықтықтан қатысып үздік шығармашылық жұмыстарымен озат табысқа жеткені үшін 1-сынып оқушылары дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, Егеменді еліміздің бәсекеге қабілетті ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі атқарған шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберлігін ұтымды пайдаланып және шығармашылық ұжыммен тығыз байланыста болғаны үшін "ШЫҒАРМАШЫЛ ҰСТАЗ" төсбелгісімен Шакирова Бейбитгуль Сайрановна марапатталды.