Текст
16.04.2021
9-сынып оқушыларымен суицидтың алдын алу аясында " Менің таңдауым-өмір" атты тренингін мектеп психологы А.Ж. Сулейменова өткізді.
16.04.2021
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Бір шаңырақ астында-биік мақсаттарға" жобасы аясында өткізіліп отырған "Этно-fashion" ұлттық киімдер сән көрсетіліміне белсене қатысқаны үшін Мұрат Диас марапатталды.
16.04.2021
Қазақ халқы ағартушылар мен ұстаздарды төрге отырғызсақ деген еді. Сол идея бүгінгі таңда іске асты. Қазір біз төрде отырмыз. Мұғалімдерді қоғам да мойындады. Ата-ана да, оқушы да мұғалімдерсіз тәлім-тәрбие ала алмайтынын түсінді. Мұғалімдерге барлық жағдай жасалып отыр. Енді мұғалімдердің өзіне байланысты. Сондықтан айтарым, ұстаз осы атаққа лайық болу керек. Ол үшін мұғалімнің жүріс-тұрысы да, киген киімі де, сөйлеген сөзі де өнеге тұтарлықтай болу керек. Мұғалім сондай дәрежеге жетсе ғана оқушылардың жүрегінен орын алады. © Орынша Қарабалина, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы @edu_news_qz
16.04.2021
Қорытынды
16.04.2021
Мектеп түлектерінің қорытынды аттестациясы қалай өтеді? 9-сынып оқушылары 3 емтихан тапсыратын болады:
16.04.2021
Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2020 - 2021 оқу жылында 8 - 11 сынып оқушылары арасындағы "Тіл дарыны" облыстық онлайн байқауына белсене қатысқаны үшін мектебіміздің 10 - сынып оқушысы Төкенова Анжела грамотамен марапатталса, 8- сынып оқушысы Шинабек Мадиана, 9- сынып оқушысы Сагдатова Алуа және 11-сынып оқушысы Акишева Диана сертификатқа ие болды. Дарынды жастарымыз көбейе берсін!
10.03.2021
FinGramota
10.03.2021
«Қазақстанның 100 жаңа есімі - 2021» жобасына өтінім қабылдау басталды Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының төртінші кезеңінің басталғанын хабарлады. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 22 ақпанынан 15 наурызына дейін 100janaesim.ruh.kz сайтында жүзеге асады. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жоба 2017 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен жарық көріп, биыл да жалғасын тапты. «Биылғы байқау – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылуда. Осы жылдар ішіндегі еліміздің табыстары – ел азаматтарының ерен еңбегінің жемісі. Жақсыдан үйрен деген халқымыз жас ұрпақты осындай адамдардан өнеге алуға тәрбиелеген», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Жобаға елде және елден тыс жерлерде тұратын қазақстандықтар қатыса алады. Қатысушылардың өтінімдері келесі 7 номинация бойынша іріктеледі: медицина, білім беру, ғылым және инновация, экология, мәдениет және спорт, бизнес, қоғам. Қатысу үшін үміткерлер 100janaesim.ruh.kz сайтындағы сауалнаманы толтыру қажет. Жоба шарттарына сәйкес қатысушы сенімді ақпарат беруге міндеттенеді. Жалған ақпарат ұсыну, онлайн дауыс беру кезінде фальсификацияға жүгіну сынды немесе өзге де құқық бұзушылық актілері анықталса, ұйымдастырушылар қатысушыны жобадан шығарып жіберуге құқылы. Барлық өтінімдер модерациядан өтеді, кейін сайтта жарияланады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бүкілхалықтық онлайн дауыс беру басталады. Сондай-ақ, өтінімдердің белгілі бір бөлігі танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері, спорт, бизнес өкілдерінен тұратын қазылар алқасының қарауына ұсынылады. Оған қоса осы жылдан бастап өткен маусымдардың жеңімпаздары қазылар алқасының құрамына енеді. Дауыс беру кезінде ең көп ұпай жинаған және қазылар алқасының таңдауына ілінген қатысушылар ағымдағы жылдың сәуір айында жоба жеңімпаздары болып атанады. Алдағы бірер айда біз Отанымыздың халық ризашылығына лайықты және Егемен еліміздің жаңа келбеті атанатын есімдермен таныс боламыз.
10.03.2021
Халықаралық шығармашылық және білім академиясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан пәндер олимпиадасында география пәнінен мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды. Атап айтсақ, 10-сынып оқушысы Төкенова Анжела, 11- сынып оқушылары Таскаринова Жансая, Епеш Нағима, Тастанбекова Аяна, Қайыржан Зарина І орындарға ие болды. Қазіргі уақытта аталған олимпиада жалғасып жатыр және басқада пәндерден оқушылар білімдерін сынауда.
10.03.2021
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.