Текст
27.04.2021
12-16.04 аралығында "Тарих, құқық Дінтану және зайырлылық пәндері апталығында" тарих пәні мұғалімі Табигат Мұнара 7 "А" сыныбымен Қазақстан тарихы пәнінен "Шоқан Уәлиханов — алғашқы қазақ ғалымы" тақырыбында өткізген ашық сабағынан үзінді.
27.04.2021
12-16.04 аралығында "Биология, химия, география пәндері апталығында" биология пәні мұғалімі Джумагулова Дана Нұрахметқызының 7 "Ә" сыныбымен "Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік" тақырыбында өткізген ашық сабақтан үзінді.
27.04.2021
12-16.04 аралығында "Тарих, құқық Дінтану және зайырлылық пәндері апталығында" тарих пәні мұғалімі Бекибаева Аягөз Талғатқызының 6 "А" сыныбымен дүние жүзі тарихынан "Шығыс Ренессансы әлемді қалай байытты?" тақырыбында өткізген ашық сабағынан үзінді.
27.04.2021
Жалпы білім беру ұйымдарының 8 - 11 сынып оқушылары арасында ХХІІ республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңінде мектебіміздің 11 - сынып оқушысы Кеңесова Айжан "Көңілім әнді ұғады" номинациясы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлының "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек" әнін орындап ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: музыка пәні мұғалімі Қайыров Аязбек. Жеңіс құтты болсын!!!
27.04.2021
"Жыныстық тәрбие берудің өзекті мәселелері" тақырыбында 7,9- сыныптарының қыз балаларымен мектеп психологы А.Ж. Сулейменова мен тәрбие ісінің меңгерушісі Р.Т.Суттубаева әңгіме жүргізді.
27.04.2021
Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі 1-сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балаларды қабылдайды. 2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа 340 мыңнан аса бала қабылдау жоспарланып отыр. Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады:
27.04.2021
Ашық бюджет
27.04.2021
Ғарышкерлер күніне орай, "Мен ғарышкер боламын" тақырыбында 3 сынып оқушыларымен челлендж ұйымдастырылды. Сынып жетекшісі: Мусипова Жанар Сағдатқызы.
27.04.2021
“Төңкерілген сынып” деген не? Қолданушыларымыздың көптеген сұранысы бойынша назарларыңызға “төңкерілген сынып” әдісі жайлы бейнероликті ұсынамыз. Бұл бейнероликте “төңкерілген сынып” әдісін OnlineMektep/BilimLand ресурстарымен қалай қолдануға болатыны жайлы ақпарат берілген. Сіздерді жүлде қоры 2 000 000 теңге болатын “Bilimland төңкерілген сынып” республикалық байқауына қатысуға шақырамыз! Толық ақпаратты OnlineMektep/BilimLand платформасында “Жаңалықтар” бөлімінен біле аласыздар.
16.04.2021
Құрметті Гүлнар Дошанқызы туған күніңіз құтты болсын! Айналаңыз қуаныш пен шаттыққа, бақыт пен табысқа, шат күлкі мен махаббатқа, мейірім мен қамқорлыққа толсын! Әр сәт сізге тек бақыт пен қуаныш сыйласын! Білімді шәкірттеріңіз көп болсын!