Текст
16.06.2021
2020-2021 оқу жылы 14 маусым күні мектебіміздің 11-сынып түлектері орта білім туралы аттестаттарын алды.Мектебіміздің 5 түлегіне аудан әкімі Есжанов Достанбек Берікұлы "Алтын белгі" төсбелгісін табыстады. Түлектерімізге ақ жол, сәттілік тілейміз
16.06.2021
Мобильная группа по профилактике коронавирусной инфекции «COVID-19» и вопросам вакцинации проводит информационно-разъяснительную работу на территории района. Мобильная прививочная бригада в составе главного врача районной больницы С.Айтмагамбетова и медицинских работников посетила село Ульги Ульгинского сельского округа. Была проведена разъяснительная работа среди жителей села и близлежащих сел о важности массовой вакцинации, безопасности вакцины и о том как она запускает иммунную реакцию. Жители села поблагодарили членов мобильной группы за проведенную разъяснительную работу и, осознавая важность вакцинации, получили прививки. Вакцинация является одним из самых важнейших достижений современной медицины, и благодаря ей во всем мире снизились заболеваемость и смертность от вакциноуправляемых инфекций.
16.06.2021
Аудан әкімінің орынбасары О.Ахметова, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басшысы Ж.Мазах және медицина қызметкерлерінен құралған мобильдік топ аудан аумағында «COVID-19» коронавирустық инфекциясына қарсы екпе алу бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізіп жатыр. Бүгін мобильдік егу бригадасы Донской ауылдық округінінің Андықожа батыр және Тасшалқар ауылдарына барып, вакцинацияға қатысудың қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді. Кездесу барысында жаппай вакцинацияның маңыздылығы, вакцинаның қауіпсіздігі, иммундық реакцияны қалай тудыратыны және тиімділігі туралы айтылды. Ауылдардың тұрғындары мобильдік топ мүшелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізгендері үшін алғыстарын айтып, вакцинацияның маңыздылығын түсіне отыра, екпе алды. Вакцинация қазіргі медицинаның маңызды жетістіктерінің бірі болып табылады және оның арқасында бүкіл әлемде вакцинамен басқарылатын инфекциялардан болатын ауру мен өлім-жітім азайды.
16.06.2021
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған қазақтың ұлттық ойыны "Бес асықтан" аудандық жіктеу жарысында мектебіміздің оқушылар І орын алып, мадақтамамен марапатталды. Құтты болсын!
16.06.2021
Уважаемые односельчане! Как Вам известно, Глава государства Касым-Жомарт Токаев подписал Закон, предусматривающий проведение прямых выборов акимов сельских округов. Выборы акимов – это важный шаг к развитию нашей страны. Полностью поддерживая проводимую политику нашего Президента, хотел бы снять свою кандидатуру с участия в косвенных выборов акима села Кенащи района Биржан сал, которые были назначены на 9 июня, чтобы участвовать в предстоящих выборах в качестве кандидата. По моему глубокому убеждению – это реальный шаг к развитию самоуправления, смелый шаг на пути демократизации. Работая на госслужбе более 10 лет, могу с уверенностью констатировать, что этот шаг необходим для того, чтобы население и акимы на местах вместе работали над решением насущных проблем. Также эта новация обещает дать дополнительный стимул развитию села и расширению возможностей для повышения качества жизни самих людей. Вместе с тем, как человек, которому не безразлична дальнейшая судьба моей малой Родины, буду участвовать в прямых выборах акима сельского округа согласно новому законодательству. Считаю, что за прошедшее время сделано немало, теперь перед нами стоит задача укрепить достигнутый результат и продолжить работу по улучшению нашей с Вами жизни. Самат Бермагамбетов, руководитель ГУ «Отдел внутренней политики района Биржан сал»
16.06.2021
Мемлекеттік рәміздер Мемлекеттік рәміздер туралы «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді». Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Нәжімеденов М, Назарбаев Н.
16.06.2021
1 - маусым Балаларды қорғау күні құтты болсын! Балалар аман болсын, денсаулығы мықты болсын! Бақытты балалық шақ тілейміз!!!
16.06.2021
Бүгін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық. Қуғын-сүргін жылдары ішінде Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге 5 млн астам адам жіберілді. "Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске аламыз. Сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салды. Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық" - деп атап өтті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуінде. Қуғын-сүргін арқылы 100 мыңға жуық қазақстандық өтті. 20 мыңы атылды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары болды.
16.06.2021
Уважаемые коллеги! Напоминаем Вам, что 28 мая пройдет итоговый республиканский онлайн-форум «Современное образование» для абитуриентов 2021 года (для выпускников школ и колледжей). ТЕМА: «КАК ПОСТУПИТЬ В ВУЗ В 2021 ГОДУ?» Программа: 15.00 – 15.05 – Открытие Онлайн-форума. 15.05 – 15.15 - Есинбаева Жанна Уакасовна, руководитель управления формирования госзаказа МОН РК Тема: «Государственные образовательные гранты в 2021 году». 15.15 – 15.25 - Дидарбекова Наужан Абдисаттаровна, заместитель директора Национального центра тестирования МОН РК Тема: «ЕНТ в 2021 году». 15.25 – 16.00 – Ответы экспертов МОН и представителей приемных комиссий вузов РК на вопросы абитуриентов и родителей. 16.00 - 17.00 - Дни открытых дверей вузов РК
16.06.2021
Мектеп психологы А.Ж. Сүлейменованың оқушымен жеке коррекциялық жұмысы жүргізілді. Коррекция жұмысы кезінде көз жеткізу, сұхбаттасу әдістері қолданылды.