Текст
Ұстаздар мерекесі қарсаңында Абай атындағы мектепте талай жыл қажырлы еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан Ұлағатты Ұстаздарымызды мектеп директоры Абуов Руслан Ғалымұлы арнайы барып құттықтап, ардагерлердің батасын алды. Ардагерлеріміз аман болсын! Сіздердің дара жолдарыңызды жалғап жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп жүрген жас ұстаздарымызға Алла абырой берсін!