04 сәуір күні аудан бойынша Республикалық Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада өтті. Біздің мектептен 9-сынып оқушылары қатысты. Атап кететін болсақ: Каркенова Томирис, Баймуханова Камила, Айтмұқанбет Нұрай, Жарылғасынова Айым. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Тамсырмалар оқу бағдарламасына сай болды.
I-турда оқушылар мына тақырыптарда; "Лиро-эпос жырларындағы арулар бейнесі", "Балалық бал күндерім..." эссе жазды.
II-турда 5 тапсырма қазақ тілі мен эдебиетінен болды. Оның ішінде сөйлем талдау, тест жұмыстары. Әр жұмыс ұпаймен бағаланды. 1 турдың жоғары ұпай 40 болды, ал 2 турдың барлық ұпайлары 60 болу керек. Оқушылар берілген тапсырмаларға толық жауап беруге тырысты. Соның ішінде 83 ұпай жинаған Каркенова Томирис болса, 80 ұпай Баймұханова Камила болды.