Еңбекшілдер ауданының халық шығармашылық байқауынын гала-концерті
1 жүрг: Армасыздар, ардақты ағайын! Алқалы әлеумет және әділқазылар алқасы!
Дархан халқымыз қашанда ән-күй десе ішкен асын жерге қойған, ел арасынан шыққан тума таланттардың өнерін жоғары бағалай білген "Ел іші өнер кеніші" дегендей өнерімен өрге жүзген сал Біржаннның туған елі Еңбекшілдер ауданының "EXPO-2017" халықаралық көрмесіне, ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған "Қуатты Қазақстан-баянды болашақ!" атты есептік концерттіне қош келдіңіздер! - деп екі жүргізіші екі тілде, халық шығармашылық байқауының гала-концерттін бастады. Біржан сал атамыздың өмірінен алынған үзінділерден "Көлеңке театрын" қойып концертті бастады. Жалпы концертте 14 номер болды.
Соның ішінде біздін мектептен Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінен үш номер қатысты. Мұғалімдер хоры "Атамекен" әнімен, балалар хоры "Қазақстан бақытты" әнімен және Мағжан Жұлдыз ағылшын тілінде "Wrecking ball" деген әнін нақышына келтіріп орындады. "Көкек" халық фольклорлық ансамбіліне көркемдік жетекші Мұхамеджанова Сандуғаш және мұғалім Нұралина Қымбатты АМҮ көмектесуін өтінді. Мағжан Жұлдыз Көкшетау қаласында өтетін "EXPO-2017" халықаралық көрмесіне арналған гала-концертіне шақырту алды.
Өтілген күні:08.04.2017 ж.
Уақыты:12:00
Өтілген орны: Біржан сал атындағы АМҮ