"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СТЕПНЯК ҚАЛАСЫНЫҢ АБАЙ АТЫНДАҒЫ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРОЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ИМЕНИ АБАЯ ГОРОДА СТЕПНЯК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРОЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы демалыс

05.06.2024

#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#qani.beisembaev
#medetbekova meruert
#aqmoedu Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңейтетін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі. Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өз қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз - тәрбиешілердің оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттауда орны ерекше. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым – қатынас қуатын жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды. Осыған орай, «Абай атындағы №2 ЖОББМ» КММ –нде мектепалды жазғы сауықтыру алаңы өз жұмысын бастады. Бүгін лагерге 25 оқушылар келді. Күн тәртібі, кесте бойынша іске асырылды «Менің көңіл күйім» тақырыбында психологиялық ахуал жүргізді. Дене шынықтыру мұғалімі жаттығу жасаудан бастады. Сонымен қатар, бөлмеде  түрлі қызықты  ойындар ойнатылды. Бойлары шымырланып, өздерін еркін сезініп қалды. Бұл жерде оқушылар топпен жұмыс жасап, жеңіске жету жолында өз мақсаттарына жете білді. Содан соң, балалар тамақтанып, табиғат аясында ойындар ойнады. Бүгінгі күн қызықты болды. Оқушылардың көңіл – күйі керемет!
Жарқын жаздай баламыз,
Күлеміз күндей жайдары.
Лагерь, біз саған барамыз,
Құшағыңды жай, қане., – демекші әр баланың бір күндік көңіл-күйінің жақсы болуы біз үшін қуаныш!

Просмотров: 4011


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст