Текст
Аудандық «Мұғалім-2024» спартакиада бағадарламасы бойынша "Бес асық" жарысында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Гүлғайым Партизанқызы Шарипова жүлделі І орынды жеңіп алса, мектеп директоры Руслан Ғалымұлы Әбуов "Асық ату" жарысынан жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз. Алар асуларыңыз биік болсын!