"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СТЕПНЯК ҚАЛАСЫНЫҢ АБАЙ АТЫНДАҒЫ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРОЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ИМЕНИ АБАЯ ГОРОДА СТЕПНЯК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРОЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ел барда, ер ұмытылмайды»

12.04.2024
«Ел  барда, ер ұмытылмайды»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатын¬да: «Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізеді. Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады», дей отырып, еліміз тарихында тағылымы зор тұлғалардың өмірі мен өнегесін насихаттау ісі тиісті деңгейде атқарылуы қажеттігін ескерткен еді.
Осы орайда, Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні қарсаңында жалпы халықтық диктант өткізу жоспарланған. 
Жоғарыда айтылғанның негізінде, бүгін мектебімізде сағат 10.00-де қазақ тілі пәнінің мұғалімдері   С.Ж.Сейдалина, Б.Қ.Искакова, Н.А. Уразова оқушыларға «Ел  барда, ер ұмытылмайды» тақырыбында диктант жазғызды.  
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#qani.beisembaev
#medetbekova meruert
#aqmoedu
Просмотров: 110


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст