"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СТЕПНЯК ҚАЛАСЫНЫҢ АБАЙ АТЫНДАҒЫ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРОЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ИМЕНИ АБАЯ ГОРОДА СТЕПНЯК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРОЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Апталық жоспарына сәйкес, Аудандық Жастар ресурстық орталығының демеушілігімен, “Үздік жас маман-2024” байқауы ұйымдастырылды.

04.03.2024

🌐 “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады”
                                   (с) В.А.Сухомлинский

📚 Мектебімізде ұйымдастырылған “Жас мамандар” апталығы барысында, жас ұстаздарымыз өздерінің жан-жақты қырларын таныта білді. 
🖇️Апталық жоспарына сәйкес, Аудандық Жастар ресурстық орталығының демеушілігімен, “Үздік жас маман-2024” байқауы ұйымдастырылды.
🎯Мақсаты:
✔️Қазіргі заманғы мектеп жағдайында жас тәліптің құзыреттілігін жетілдіру және кәсіби дағдыларын дамытуға бағыттау

Байқау кезеңдері:
1️⃣Таныстыру
2️⃣Жетістіктерін презентация арқылы ұсыну
3️⃣”Мамандығым-мақтанышым” 
4️⃣ Әдіс-тәсілдер қорын көрсету
5️⃣Ситуациялық жағдаяттар төңірегінде сұрақ-жауаптар

Сайыс нәтижесінде қатысушылар мадақтамалармен және Аудандық Жастар ресурстық орталығының демеушілігімен арнайы сыйлықтармен марапатталды:
💥”Креативті ұстаз” аталымы бойынша Тәшен Серік Талапұлы
💥”Жаңашыл ұстаз” аталымы бойынша Самат Еркежан
💥”Шығармашыл ұстаз” аталымы бойынша Әнес Сұнхат Ерболұлы
💥”Өнерлі ұстаз” аталымы бойынша Каиров Аязбек Назымбекович
💥””Оқуға құштар маман” аталымы бойынша Ашкенова Жамсая Тугеловна
💥”Үздік сабақ жоспары” аталымы бойынша Бекен Базархан
🏆”Үздік жас маман-2024” аталымына ие болған Госман Алия Канышевна

📚Өмірінің мағыналы шақтары
Мектеп болып, содан бақты тапқаны.
Ұстаз деген – сол ұяның жүрегі,
Ұстаз деген – сол ұяның мақтаны.

Просмотров: 128


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст