"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СТЕПНЯК ҚАЛАСЫНЫҢ АБАЙ АТЫНДАҒЫ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРОЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ИМЕНИ АБАЯ ГОРОДА СТЕПНЯК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРОЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында шебер-сынып өтті

21.11.2023

2023 жылғы 17 қарашада бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Степняк қаласының Абай атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында шебер-сынып өтті.

     Мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылығын қалыптастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісу.

Іс-шараға Біржан сал ауданының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Жұмыс тәжірибесімен «Ақмола облысының білім басқармасы Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі «Андықожа батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  бастауыш сынып мұғалімі Смагулова Гульмира Каировна және  «Ақмола облысының білім басқармасы Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі «Үлгі ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Бакетова Алтын Муклаевна бөлісті. Олар «Оқушылардың функционалдық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру жолдары» және «Функционалдық сауаттылық - сапалы білім берудің кепілі» тақырыптары сабақ мазмұны бойынша шеберлік сыныптарды өткізді.

      Біржан сал аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Есимсеитова Рысты Айтмагамбетовна, бастауыш және мектепке дейінгі бөлімнің әдіскері Натиева Динара Көпжасаровна қатысты.

Шебер-сыныпты Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» филиалының аға оқытушылары ұйымдастырды.

Просмотров: 443


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст