"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СТЕПНЯК ҚАЛАСЫНЫҢ АБАЙ АТЫНДАҒЫ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРОЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ИМЕНИ АБАЯ ГОРОДА СТЕПНЯК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРОЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

​​

28.10.2023

​​

🍁 КҮЗГІ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ: ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҰСЫНЫСТАРЫ

🇰🇿 Қазақстандық мектептерде күзгі демалыс басталды. Оқу-ағарту министрлігі оларды «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, өңірлерге жолдады. 

❗️ Білім беру ұйымдары кітапханаларды, мұражайларды, спорт кешендерін, ғылыми қоғамдастықтар мен балалар бірлестіктерін тарта отырып, мәдени-демалыс, спорттық және шығармашылық бағытындағы іс-шаралар жоспарын әзірлеуі қажет.

👮🏻‍♀️🧑🏻‍🚒 I. Оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысын жасау: кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастыру, сондай-ақ түрлі кәсіптің үздік өкілдерімен кездесулер өткізу.

🧑🏻‍🏫👩🏻‍💻 II. Өмірдің қиын жағдайына тап болған, үйде оқитын оқушылар үшін мына шараларды: виртуалды экскурсиялар, онлайн жарыстар, психологтармен іс-шаралар, белгілі бір пәндер бойынша кеңестер ұйымдастыру маңызды.

🏫 👨‍👩‍👧‍👦 III. Ата-аналармен өзара қарым-қатынас құру барысында: балалармен бірлесіп, мәдени-көпшілік және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын, экскурсиялар, интернет-марафондар, ата-аналарға арналған конференциялар мен форумдар өткізу.

👫👩🏻‍🏫 IV. Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары: құқық қорғау, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар органдарының өкілдерін шақырумен балаларды тәрбиелеу және зиянды әдеттердің алдын алу бойынша кеңестер ұйымдастыру.

🛡️ V. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мектептің де, ата-аналардың да басты міндеттерінің бірі. Сондықтан, аталмыш іс-шараларды өткізбес бұрын күзгі демалыс кезінде оқушылар мен олардың ата-аналарына өмір қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау туралы нұсқаулық жүргізу маңызды.

📋🗂️ Демалыс кезеңінде ұсынылатын барлық іс-шаралардың тізімі ақпараттық стендтерде, білім беру ұйымдарының веб-сайттарында орналастырылып, олар ата-аналарға таныстырылуы қажет.

Еске салайық, биылғы оқу жылында күзгі демалыс 30 қазаннан басталып 5 қарашаны қоса алғанда 7 күнтізбелік күнді құрайды.

 

https://www.facebook.com/100064891832230/posts/pfbid02CVeJqp7U8AYr2ZnXvZDZ9GTZ7s4uaAQA4YiJ16bXoYH28mefzgt3Xw6ubnVXno6Xl/?mibextid=cr9u03

Просмотров: 495


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст