"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СТЕПНЯК ҚАЛАСЫНЫҢ АБАЙ АТЫНДАҒЫ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРОЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ИМЕНИ АБАЯ ГОРОДА СТЕПНЯК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРОЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

#Мектеп парламенті#балалардықорғау#жолдажүруережелері

25.09.2023

#Мектеп парламенті#балалардықорғау#жолдажүруережелері Жол жүру ережесі
1. Көшеде жүру тәртібін орындамау транспорттың жүріп - тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2. Көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс.
Егер бар болса, жер асты жолын пайдаланған жөн.
3. Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, қарсы
кездескен үлкен кісіге жол бер.
4. Тротуармен келе жатып қақпадан көрінген машинаны байқасаң өткізіп жібер.
5.Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.
Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.
6. Алдыңнан машина шықса жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
7. Жол үстінде ойнама, сырғанақ теппе.
8. Жер тайғақ болса, жолда абайла.
9. Ауылымызда тротуар жоқ, сондықтан жолдың оң жақ шетімен жүр.
Қалада
Сен бір қалаға келдің делік. Ауылға қарағанда мұнда адам да көп, машина да көп. Ал енді сол қала көшелеріндегі лек - лек халық пен ерсілі - қарсылы ағылған машина, автобус, троллейбкс,
трамвайлар арасынан дұрыс жол тауып өту үшін сен көшеде жүру тәртібінің негізгі
ережелерін жатқа білуің керек.
Ол мына ережелер:
1. Екі көшенің қиылысқан әрі «Өтетін жер» деп жазылған түсті, асфальтта сызылған жалпақ ақ
жолақтары бар жерде, қарсы алдыңдағы бағдаршамның жасыл шамы жанған кезде ғана
көшені кесіп өтуге болады.
2. Жүріп келе жатқан машиналардың алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.
3. Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда, ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
4. Көше қиылыстарында бағдаршамда жасыл шам жанған кезде не болмаса өтіңіздер деген сөз көрінгенде ғана көшені кесіп өтуге болады.
5. Аялдамада тұрғанда автомобиль, автобус, троллейбустың тек ары жағынан айналып өт, сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.
6. Ал трамвайдың тек алдыңғы жағынан ғана өтуге болады.
Өткізген: Жақсылық Алуа, Даирбек Аружан

Просмотров: 159


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст