Текст
Бабаларымыздың, ақындарымыздың тіл туралы айтқан ұлағатты сөздерін, өлеңдерін насихаттау; ана тілдің өміршеңдігін, адам тіршілігіндегі рөлін жетілдіру; оқушылардың тілін, білімін, сөздік қорын, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра отырып тілді құрметтеу сезіміне тәрбиелеу мақсатында 10 сынып оқушыларымен Табиғат Мұнара «Ұлы даланың Ұлтаралық тілі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.