26 сәуір күні «Буллингтің алдын алу кезіндегі ата-аналардың рөлі» тақырыбында 6 «А» және 6 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысының негізгі мақсаты –жасөспірімдер ортасында қорқыту жағдайында балаларға көмектесуде ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру. Педагог-психолог А. К. Госман «буллинг» дегеніміз не екенін, оның түрлері мен белгілерін ажырата білуді, балаға көмек көрсету жолдарын слайд және баяндама арқылы түсіндіріп, ата-аналарға «Балаңыз буллинг жасамауы үшін және буллингтің құрбаны болмауы үшін келесі кеңестерді ескеріңіз» жадынамаларын таратты. «Оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық мәселесі бойынша ата-аналарға арналған сауалнамасы» және А. А. Андреевтің «Ата-аналардың білімі беру ұйымының жұмысына қанағаттануын зерттеу әдістемесі» бойынша сауалнама алынды, «бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі» тренинг жаттығулары өтті. Әлеуметтік педагог Е. У. Уразалиев мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің анықтамасы және міндеттерімен таныстырды. Сынып жетекшілері А. Б. Байманова және Бекен Базархан оқушылардың үлгерімі мен тәрбиесі туралы айтты.
https://www.instagram.com/p/Crf010rML82/?igshid=YmMyMTA2M2Y=