Текст
Биыл - Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл. Осыған орай 5 “А” сыныбының сынып жетекшісі Ш.Е.Тұрар оқушыларына “ Қазыбек бидің 355 жылдығы” тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатқа тәрбие ісінің меңгерушісі Г.П.Шарипова қатысты.
Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының 17-18 ғасырда өмір сүрген үш биінің бірі, қоғам және мемлекет қайраткері. Қазыбек би 1667 жылы Сырдария өзенінің бойында туған. Орта жүздің арғын тайпасы, оның ішінде қаракесек руынан шыққан.Табиғатынан зерек, алғыр бала білімді ортада кемелденген.Естігенін, көргенін зердесіне тоқып, шешендік қабілеті де ерте ашылған. Сол арқылы айналасындағыларды еріксіз елең еткізген.