Текст
#адалұрпақ Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру, саяси өмірден хабардар, жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, ата-аналардың еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерін мен санасуға жағдай жасау және Қ.Р адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке, құқықтық тәрбие беру мақсатында, "Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді" тақырыбында 6 "А" сынып оқушыларының ата-аналарымен А.Б.Байманова баяндама оқып, әңгіме жүргізді.