Текст
2022 жылдың 5-9- қазан күндері Щучинск қаласындағы Жақсы спорт сарайында 2007-2008 жылғы туылған жасөспірімдер арасында бокстан Ақмола облысының біріншілігі ұйымдастырылды. Аталған сында 42 килограмм салмақ дәрежесінде өнер көсеткен мектебіміздің 8-сынып оқушысы Жанатаев Даниял жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлады. Аталған жеңіспен Біржан сал ауданы тұрғындарын шын жүректен құттықтаймыз! Жас спортшымыздың алар асулары биік болсын!