Текст
#Балаларжылы
Ана тілім - ұраным,
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр - әнім.
Ана тілім - елдігім,
Ана тілім - ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім...-демекші, 22 қыркүйек тілдер күніне орай мектебімізде «Ана тілі – жүрек үні” атты іс-шара өтті. Іс-шарада оқушылар ана тілі туралы өлеңдерін оқып, әннен шашу шашып, мың бұралып би билесе, ақын ұлымыз Ғалым Марғұлан мен Аманжол Арайлым айтысып мерекенің ажарын аша түсті.