"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СТЕПНЯК ҚАЛАСЫНЫҢ АБАЙ АТЫНДАҒЫ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРОЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ИМЕНИ АБАЯ ГОРОДА СТЕПНЯК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРОЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

футбол

25.05.2022

2022 жылдың 24 – мамыры күні «Балалар жылы» аясында жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында аудандық «Әшім ата» мешітінің демеушілігімен мектебіміздің 5-7- сынып оқушылары арасында «Кіші футбол» спорттық жарысы болып өтті. Жарыстың ашылу рәсімінде «Әшім ата» мешітінің бас имамы Қобыланды Қажы спортшыларға ақжарма лебізін білдіріп, ойыншыларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен жарыста жүлделі І орынды 7-сынып, ІІ орынды 6- сынып, ІІІ орынды 5- cынып оқушылары қанжығасына байлады. Жарыс жеңімпаздары мадақтама қағаздарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Аталған іс- шараның өткізілуіне мұрындық болып, демеушілік көрсеткен Ақ ниетті ағаларымызға алғысымызды білдіреміз. Жастарымыздың салихалы азамат болып өсуіне өз үлестерін қосатын Ер азаматтарымыз көп болсын!

Просмотров: 130


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст