Текст
«Өз құқығыңды білесің бе?»
Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру мақсатында өзін-өзі басқару ұйымы мен мектеп тәлімгері Ж.С.Мусипова оқушылармен «Өз құқығыңды білесің бе?» атты бастауыш сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді.