"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СТЕПНЯК ҚАЛАСЫНЫҢ АБАЙ АТЫНДАҒЫ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРОЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ИМЕНИ АБАЯ ГОРОДА СТЕПНЯК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРОЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адалдық дүкенінің»

30.04.2019

Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінде «Адалдық дүкенінің» ашылуы туралы мәлімет

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі, "Адалдық дүкенін» ашу бастамасы.  "Адалдық дүкені" жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылады. Мұнда мұғалімдер мен оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады. Мұндай дүкендерді енгізу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталған. Бұл факторлар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті" қалыптастыруға тікелей әсер етеді.

     Бүгін, 29 сәуір мектебімізде «Адалдық дүкені» салтанатты түрде  ашылды. «Адалдық дүкенінің» ашылуына  аудандық білім бөлімінің әдіскері  Абуов Руслан Ғалымұлы келді. Дүкеннің лентасын Руслан Ғалымұлы мен мектеп директоры Нұрбек Аманжолұлы қиды.

Просмотров: 196


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст