"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СТЕПНЯК ҚАЛАСЫНЫҢ АБАЙ АТЫНДАҒЫ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРОЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ИМЕНИ АБАЯ ГОРОДА СТЕПНЯК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРОЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қарттарым - асыл қазынам

20.11.2018

Қарттарым-асыл қазынам

         Қария деген сөз елдің басы болу, ақылын айтар дана болу, ел төрінде құрметке бөлену, ас бергенде немерелерінің үлесін бөлер қамқоршысы. Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылын айтар елі мен жерінің кеңесшісі. Қазақтың әр отбасында арқа тұтар ата-әжелері бар. Олардың әрбір айтқан гауһар тасқа бергісіз ақылдары жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне өте мол үлесін тигізеді. Ата - әжесі бар үйдің балалары да өзгеден ерекше, ортасындағы ерекшелігі қариялардың ыстық  алақанынан  дәм татып, жауһар сөздерін  саналарына сіңіріп өскендігі білінеді. Ата дәстүр салтымыздан  таймай, ескі ғұрыптармен немерелерін  нағыз қазақтың салтын сақтар бабалардың жолыменен жүретін өр рухты қазақты тәрбиелеп өсіреді. Сондықтан да болар, қарты бар үйден қазақилықтың иісі бұрқырап тұрады. Осы салт-дәстүрімізді болашақ ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында жуырда Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінде 2 «ә» сынып оқушыларының қатысуымен, сынып жетекшісі Шарипова Гүлғайым Партизанқызының бастауымен «Қарттарым-асыл қазынам» атты тәрбие сағатты өтті. Бұл тәрбие сағатына сыныпта оқитын оқущылардың ата-әжелері Кожахметова Гүлжан Арайлымның әжесі, Мухатаева Машакар Еркежанның әжсі, Жапаров Мұрат пен Жапарова Сара Диастың ата-әжесі, Бекахмет Бақыт Еркежанның әжесі, Рамазанова Минуара Көркемнің әжесі, Омарова Қарлығаш Марленнің әжесі, Аяпбергенова Калия Әминаның әжесі Балиева Алтын Ернұрдың әжесі,  Омаров Темірбек пен Омарова Айнагүл Исламалидің және аудандық білім бөлімінің әдіскері Абуов Руслан Ғалымұлы,

мектебіміздің мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Уразова Назира Ахметқызы, тәрбие ісінің меңгерушісі Сыздыков Самат Сейсенұлы және ата-аналар қатысты. Алғашқы құттықтау сөз кезегі аудандық білім бөлімінің әдіскері Абуов Руслан Ғалымұлына берілді: “Ақылды қария, ағып жатқан дария” деп қазақ халқымыз тегін айтпаған. Сіздер тамырын тереңге тартқан бәйтерек болсаңыздар, біз сіздердің жайылған жапырақтарыңызбыз. Өздеріңізге мейірімділік, сүйіспеншілік таныту біз секілді жастардың міндеті,-деп жүрек жарды лебізін білдірді. Осыдан кейін оқушылар  өздерінің өнерлерін ортаға паш етті. Еркежан, Әмина, Зере, Еркежан мың бұралып «Қолшатыр» биін билесе, Еркежан мен Марлен Қадыр Мырза Әлидің «Не үшін?» өлеңін сахналап берсе, бірікке хор «Тәуелсіз елім» атты әнді нақышына келтіріп шырқаса, Арайлым, Жазира, Көркем, Аяулым, Ернұр, Мейрамбек, Қуаныш, Марлен «Алғашқы вальс» биін билесе,  ал Азизбек, Диас, Алмаз, Бейбит, Исламали ата-әжелеріне өлең шумақтарын арнады. Тәрбие сағаты өте биік деңгейде өткізілді. Ата-аналар оқушылармен келген қонақтарға арнап ақ дастархан жайды. Ақ дастархан басында ата-әжелеріміз оқушыларға салт-дәстүр, әдет-ғұрып,  жеті ата жайлы көптеген көңілге түйерлік ақылдарын айтты. Дастархан соңында  Диастың атасы батасын беріп, Өмірдің сынында ақылын дариядай тұнықтырып, ұрпағына өмір мәнін ұғындырып, көңілдері көлдей көгілдір, ізгі тілектері таудан аққан бұлақтай мөп - мөлдір біздің ата - әжелеріміз - өмірдің шам шырағы. Иә, өмірдің мәні де, сәні де сіздерсіздер! Біз тек Алладан өздеріңізге ұзақ ғұмыр нәсіп етуді тілейміз деп оқушылар өздері қолдарынан жасаған гүл шоқтарын сыйлады.

2 «ә» сынып оқушыларының ата-аналар атынан,

Көктемгүл Абайқызы.

Просмотров: 291

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст