Мектептің ішкі еңбек тәртіп ережелері
Бекітемін
Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша
«Абай атындағы №2 ЖОББМ»КММ
Хаттама №1 «31» тамыз 2021 жыл.
Мектептің ішкі еңбек тәртіп ережелері
Жалпы қызметкерлер, оқушылар, ата – аналар үшін
І. Жалпы ережелер
Осы құжат Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР «Білім туралы» заңын , ҚР баланың құқықтары туралы конвенцияға, ҚР Еңбек Кодексін , ҚР Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы , Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары туралы ережесін ,ҚР Үкіметінің Қаулысы және мектеп Жарғысы басшылыққа алынды.
Жұмыс уақыты және оны қолдану
1.Мектепте 5 – жұмыс күні екі демалыс күнімен орнықтырылған. І ауысымда І топ қоңырау уақыты - 8.30, ІІ топ қоңырау уақыты - 08.35;
Қысқаша мінездеме
Қаладағы тұрған орны: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, А. Жакупова көшесі №1 үй
Жұмыс уақыты:
1 ауысым сабақтар басталуы – 8.30;
Сабақтардың аяқталуы – 15.30. (8 сабақ)
Мектептің жұмыс уақыты:
Оқу аптасының ұзақтығы - 5 оқу күндері,
І топ қоңыраулар кестесі
№ |
І –ші топ қоңырауы
|
ІІ – ші топ қоңырауы |
1 |
08:30 – 09:15 |
08:35 – 09:20 |
2 |
09:20 – 10:05 |
09:25 – 10:10 |
3 |
10:20 – 11:05 |
10:25 – 11:10 |
4 |
11:10 – 11:55 |
11:15 – 12:00 |
5 |
12:10 – 12:55 |
12:15 – 13:00 |
6 |
13:00 – 13:45 |
13:05 – 13:50 |
7 |
13:50 – 14:35 |
13:55 – 14:40 |
8 |
14:40 – 15:25 |
14:45 – 15:30 |
Бастауыш сыныптарда сабақтар уақытында 3-5 минут күнделікті дене шынықтыру минуткасы өткізіледі;
Азқамтылған, қорғаншылыққа алынған оқушыларға тегін тамақтану ұйымдастырылған;
Каникулдар:
2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы, каникул кезеңі орта білім
беру ұйымдарында меншік нысаны мен ведомостволық бағыныстылығына
қарамастан «Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» ҚР БҒМ 2021 жылғы 27 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген:
1) 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылғы 1 қыркүйек;
2021-2022 оқу жылына каникул кезеңдері:
Оқу жылының ұзақтығы: 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)
сыныптарда – 34 оқу аптасы.
1) 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 1 қараша - 7 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан – 2022 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 1 күн (2022 жылғы 19 наурыз – 30 наурыз қоса алғанда);
2) мектепалды даярлық сыныптарында: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7 – 13 ақпан қоса алғанда),
2-11 (12) сыныптарда сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Бірінші
сыныптардың оқу сабақтарының режимі: қыркүйекте – күніне
35 минуттан үш сабақ, қазан айынан бастап Санитариялық қағидаларға сәйкес көз шынықтыру жаттығулары мен гимнастикаларын жасай отырып 45 минуттан өткізіледі.
Мерекелік күндер:
1 қыркүйек – Білім күні
1 желтоқсан – Бірінші Президент күні
16,17 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күні
1–2 қаңтар – Жаңа Жыл
8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні
22 наурыз – Наурыз мейрамы
1 мамыр – ҚР Бейбітшілік және ынтымақтастық күні
7 мамыр - ҚР Отан қорғаушылар күні
9 мамыр – Жеңіс күні
6 шілде – Астана күні
30 тамыз– ҚР Конституциясы күні
Мектеп директоры: 8.00-13.00, 14.00-18.00
Дир. оқу ісі жөніндегі орынбасары : 8.00–13.00, 14.00–18.00
Дир.тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: 8.00–13.00, 14.00–18.00
Дир.шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары: 8.00–13.00, 14.00–18.00
Психолог : 8.00–13.00, 14.00–18.00
Медициналық қызметкерлер: 8.00–13.00, 14.00–18.00
1.Жалпы ережелер
1.1 Мектеп қызметкерлері кестеге сәйкес мектеп директорымен бекітілген, кәсіподақ комитетімен келісілген бойынша оларға ұсынылған лауазымдық міндеттері және оқу кестесімен, мектептің жұмыс тәртібімен жұмыс жасайды;
1.2. Педагогикалық қызметкерлер жұмыс орынында 15 минут бұрын болуы тиіс. Сыныпқа кешігіп келу және қоңыраудан кейін себепсіз сабақты босату, сабаққа жоспарсыз келу оқу тәртібін бұзу болып табылады;
1.3. Әкімшілік педагогикалық қызметкерлерге кезекшілік бөліп береді. (қосымша №1) Кезекшілік оқу сабақтарының басында 30 минут кешіктірілмей басталуы керек және 30 минут ауысым аяқталғанша жалғасуы керек. Кезекшілік кестесі кәсіподақ ұйымы комитетімен келісіліп, директормен бекітіледі. Кезекшілер нақтыланған посттарда бекітіліп және жауаптылар болып табылады:
1) тәртіпке; 2) санитарлы жағдайға; 3) өзінің нысанының және бөлініп берілген аумағының эстетика түріне жауапты;
1.4. Педагогикалық қызметкерлер мектептің барлық және қоғамдық шараларға оқу жүктемесінің санына қарамай, жұмыс уақытының 40 сағат көлемінде ұзақтығын арттырмай қатысулары міндетті;
1.5. Мектеп әкімшілігі оқытушылардың сағат жүктемелерін қабылданған нормаларға мектептің мүмкіншілігіне және қызығушылық басылымдықтары негізінде мектеп мұғалімдерінің біліктілік мінездемелерін ескере отырып сабақтастық және толық қанды принциптеріне қарай бөлініп беріледі;
1.6. Мектептегі оқу сабақтары оқу жоспары негізінде директормен бекітілген кестеге сәйкес, міндетті түрде орындау үшін өткізіледі;
1.7. Сабақтар кестесі мектеп әкімшілігімен оқу материалын жағымды қабылдауды ескере отырып, еңбек тәртібінің қиындық деңгейлерімен, оқушылардың демалулары және СанЕжәнеН (санитарлы ережелер және нормалар) талаптарын сақтаумен жасалады;
1.8 Мұғалім сабақ кезінде сыныптан шығуға немесе басқа да бөтен қызметтермен айналысуға құқығы жоқ. Сабақ барысында мұғалім оқушылардың өміріне, денсаулықтарына және қауіпсіздіктеріне жауаптылық алады;
2. Педагогтердің құқығы және міндеттері
Мектептің педагогикалық қызметкерлері
2.1. Сабақтарды өткізу уақытында мектепте өткізілетін (сабақтарда), сыныптан тыс, мектептен тыс шараларда балалар өмірі мен денсаулығы үшін толық жауаптылық алады;
2.2. Оқушылардың жарақат алуларының барлық жағдайында шапшаң түрде мектеп әкімшілігіне хабарлайды, сонымен тиісті органдарға (жедел жәрдем, өрт бөліміне және т.б.) ;
2.3. Ұжым арасында этикалық нормаларды және этиканы сақтауға баулуды қатаң сақтау;
Мектептің педагогикалық қызметкерлері міндетті:
2.4. Педагогикалық кадрлар аттестаттау Ережесіне сәйкес 5 жылда бір рет аттестаттаудан өтеді, жүйелі біліктілігін арттырады, жұмыс сапасын арттыру бойынша шараларды жүзеге асырады, педагогикалық тәжірибені таратады және меңгереді;
2.5. Мектепте өтетін барлық шараларға сабақ кестесіне қарамай қатысуға міндетті;
2.6. Жылға бекітілген тақырыптық жұмыс жоспары, әр сағатқа сабақ жоспары, сынып сағатымен қоса болуы және мектеп құжаттарын уақытылы және сапалы толтыруға міндетті;
2.7. ҚР білім беру жүйесінде қызметкерлер лауазымдары және мамандық Тізімдемесін лауазым мен мамандық бойынша жұмыстарды біріктіруге міндетті. Мектептің кәсіподак комитетімен келісілгені бойынша мектеп әкімшілігі мамандықтарды (лауазымдарды) біріктіруге рұқсат етеді;
2.8. Директордың барлық бұйрықтарын және директордың орынбасарларының өкімдерін уақытылы мерзімде орындайды. Еңбек дауы бойынша келіспеген жағдайда арыздануға құқылы;
2.9. Лауазым нұсқамаларымен және ережелерімен, ішкі еңбек тәртіп ережелерімен, жалпы білім беретін мектебі Жарғысымен, ҚР заңнамаларымен оларға арттырылған, міндеттерді қатаң орындауға, абыроймен және адал жұмыс жасауға міндетті;
2.10. Мектептің негізгі тәртіптері – еңбек тәртібін сақтауға, уақытылы жұмысқа келуге, бекітілген жұмыс күні ұзақтығын сақтауға, оларға артылған міндеттерді әсерлі орындауға және оны шығармашылық үшін қолдануға, еңбек міндеттерін орындауда қызметкерге кедергі келтіретін жағдайлардан тартынуға, білім беру ұйымы директорының өкімдерін нақты орындауға міндетті;
82.11. Қоғамдық орындарда және тұрмыста, жұмыстарда жоғары моральді міндетті және қадір-қасиетті мінезде үлгі болуға міндетті, балаларға көңіл қоюға, оқушылардың ата-аналарына, ұжым мүшелеріне сыпайы болуға;
2.12. Техника қауіпсіздігі бойынша, мекеме тазалығына және өрт қауіпсіздігіне қарастырылған нұсқамалар мен ережелерге сәйкес сақтауға, барлық жарақаттану жағдайлары жөнінде әкімшілікке жылдам хабарлауға міндетті;
2.13 Мемлекеттік меншікті қорғау және бекіту (құрылғыларды, құрал-саймандарды, оқу көрнекіліктерін т.б.) электр энергиясын, материалдарды үнемдеп шығындау, оқушыларды мектеп мүлкін ұқыпты сақтауға тәрбиелеу. Өзінің жұмыс орнын тазалық тәртібінде сақтауға міндетті;
2.14. Мектепішілік құжаттарды уақытылы жүргізу (журналдар, күнделіктер, оқушылардың үлгерім табельдері) ;
2.15 Мектеп әкімшілігіне педагогтер төтенше және стандартты емес жағдайлар болған туралы жедел түрде мектеп әкімшілігіне хабарлауға міндетті (жедел жәрдем, өрт бөлімшесіне және т.б.) ;
2.16. Педагогтердің сыртқы түрі киімі іскер стилінде , қатал және ұқыпты, тазалыққа сәйкес болуы қажет;
2.17. Жыл сайын белгіленген мерзімде дәрігерлік тексерістен өту туралы нұсқамаларға сәйкес өту қажет;
2.18. Білім бөлімі немесе мектеп директорының бұйрығы бойынша ғана спорттық жарыстарға және басқа шараларға қатысуға, қоғамдық тапсырмаларды орындау үшін мектеп сабақтарынан оқушылар босатылады;
Педагогикалық қызметкерлерге тыйым салынады:
2.19. Өзінің ыңғайы бойынша сабақтар кестесін (сабақтарды) және жұмыс кестесін өзгертуге; сабақтарды және олардың арасындағы үзілісті алып тастауға, ұзартуға және қысқартуға тыйым салынады;
2.20. Оқу процессімен байланыспайтын, оқу жылы уақытында оқушыларды жұмыстарға алаңдатуға, оқушыларды сабақтардан шығаруға тыйым салынады;
2.21. Шылым шегуге, спирттік ішімдіктерді ішуге мектеп аумағында және оның бекітілген аумағында тыйым салынады;
2.22. Мұғалім оқушы сабаққа кешігіп келсе, сабаққа кіргізбеуге құқысы жоқ. Егер оқушы оқу құралдарын үйде ұмытқан жағдайда, мұғалім баланы үйге жіберуге немесе сыныптан шығарып тастауға құқығы жоқ;
Сынып жетекшісі міндетті:
2.24. Мектеп Жарғысын қатаң сақтауға;
2.25. Сынып сағаттарын аптасына бір рет тәрбие жұмыстары кестесімен және жоспарына сәйкес өткізуге;
2.30. Бекітілген тәрбие жұмыстары жоспарына сәйкес сабақтан тыс тәрбие жұмыстарымен сыныппен бірге дайындалу. Үздіксіз, жылына төрт реттен кем емес, сынып және ата-аналар жиналысын өткізуге міндетті;
2.31. Оқушылардың күнделігіне қойылған бағаларды тексеруді аптасына бір рет жүргізуге міндетті;
2.32. Сынып жетекшілері мектепте сынып оқушыларының бірінші және соңғы сабағына дейін болуы міндетті.
3. Әкімшіліктің құқығы мен міндеттері
Әкімшілік құқылы:
3.1. Ұжым арасында этика нормаларын және этиканы сақтауға баулуды қатаң сақтауға;
3.2. Оқушылардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) т.б психологиялық жағдай жасауға;
3.3. Мектеп қызметкерлері еңбегі олардың мамандықтары және біліктілігіне сәйкес ұйымдастыруға, олардың әрбіріне нақты жұмыс орнын бекітіп, уақытылы сабақтар кестесімен және жұмыстар кестесімен таныстыруға;
3.4. Қауіпсіз оқу және еңбек жағдайын, бөлмелердің дұрысты жағдайын, жылу, жарық, желдету, құрал-саймандар және басқа да құрылғылармен қамтамасыз ету;
3.5. Тәртіпті қатаң сақтауды, үнемі ұйымдастырушылық және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруды, жұмыс уақытын жоюға бағытталған, еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға, тұрақты, еңбек және қалыпты жағдайын мектеп жұмыстары үшін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
3.6. Еңбек тәртібін бұзушыларға уақытылы шара қолдану;
3.7. Еңбек ұжымына іскер, шығармашылық тұрғыда, қызметкерлердің беделін дамытуға және барлық шарада қолдауға әсер ету. Уақытылы қызметкерлер ұсыныстарын мектеп қызметтерін жақсартуға бағыталғандарды қарастыру;
3.8. Білім беру процесінің сапасын қадағалау сабақтарға қатысумен және талдаумен, әкімшіліктік бақылау жұмыстарын және т.б., өткізу, сабақтар кестесін сақтаумен, білім беру бағдарламасын, оқу жоспарын, оқу кестесі күнтізбесін орындауда жүзеге асырылады. Бөтен адамдар сынып (топ) сабағына мектеп директорының және директордың орынбасарлары рұқсатымен ғана қатысуларына болады, сабақ басталғаннан кейін есепке алынбаған жағдайда сыныпқа (топқа) кіру мектеп директоры мен оның орынбасарына ғана рұқсат етіледі. Педагогикалық қызметкерлерге олардың жұмыстары бойынша ескерту жасау оқушылардың қатысуларымен (сабақ) оқыту жүргізу уақытында рұқсат етілмейді;
3.9. Оқушылар мен қызметкерлердің барлық міндеттері және техника қауіпсіздігі бойынша, өрт қауіпсіздігі, санитарлық және гигиена бойынша үнемі нұсқамаларды сақтауларын және білімдерін бақылау. Оқушылар мен қызметкерлердің жарақаттануларын алдын алу бойынша, кәсіби және басқа да аурулардың алдын алуда қажетті шараларды қолдану;
3.10. Педагогикалық және басқа да мектептің қызметкерлерінің жүйелі біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз ету.
3.11.Ғылыми еңбекті ұйымдастыруды ендіру үшін, жұмыстар сапасын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыра отырып, қызметкерлердің алдыңғы тәжірибелерін ендіре және тарата отырып жағдай жасау. Педагогикалық қызметкерлер бекітілген мерзімде аттестаттау жүргізуге құқылы;
3.12. Мектепті басқаруға қызметкерлердің қатысуларын, еңбек ұжымының жиналысын қолдана отырып, мекеме кеңестерін және басқа да қоғамдық өзін-өзі басқаруларын қамтамасыз ету. Уақытылы қызметкерлердің сынаған ескертулерін қарастырып және олармен қолданған шаралар туралы хабарлау;
3.13. Еңбек міндеттерін үлгілі орындауда, еңбектегі жаңартулар және жұмыстағы басқа да жетістіктер мектептің кәсіподақ комитетімен келісілгені бойынша мадақтаулар жүйесі қолдануға;
3.14. Бекітілген тәртіпте, мектеп директорының бұйрығымен мұғалімге оқу жұмысында қосымшаға сынып жетекшілік артылған, әдістемелік бірлестік жетекшілігі, әдістемелік жұмыстардың басқа да құрылымдары, оқу кабинеттері жетекшілігі, оқу шеберханалары, бағдарлануды ұйымдастыру;
3.15. Мектеп әкімшілігі төтенше жағдайларда шапшаң болған жағдай туралы жоғарыдағы және компетентті органдарға (жедел жәрдем, өрт бөлімі және т.б.) хабарлайды. Қажетті жағдайда дәрігерлік көмек көрсетіліп және жедел жәрдем бригадасын шақыртады;
3.16. Мектеп әкімшілігі міндеттерді орындауда қабылданған шешімді кәсіподак комитетімен келіседі, сонымен қатар мектептің еңбек ұжымының өкілеттілігін ескереді;
3.17. Кезекші әкімшілік мектеп директорының бұйрығы негізінде директор орынбасарларынан бекітіледі (қосымша №1);
3.20. Мектепішілік тәртіп бірыңғай болып табылады және педогогикалық қызметкерлер бұл тәртіпті орындауға міндетті.
3.21.Мектепішілік тәртіпті бұзғаны үшін мектеп қызметкерлеріне сөгіс жариялайды:
• ескерту;
• сөгіс;
• жұмыстан босату;
3.23 Жұмыстағы жоғары көрсеткіштері, лауазымдық міндеттерін жауапкершілікпен орындағандары, шығармашылығы және талаптары үшін қызметкер марапатталады
3.24. Ішкі еңбек тәртібінің Ережелерін орындалуын бақылау мектеп әкімішілігі және кәсіподақ бірлестігіне жүктелген
Техникалық жұмысшылардың құқықтар:
3.29. Мектеп автобусын көрсетілген уақытта автотұраққа қою, кестеге сәйкес жүру, техникалық ақауларды уақытда жою, ауыстырылатын саймандарды (ремен, май ауыстыру т.б.) алдын ала басшылыққа ескерту;
Қосымша № 2
Оқушылардың мектеп формасы туралы Ереже
Мектеп формасының үлгісі сыныптық ата-аналар жиналыстарында талқыланып, бекітілді. Оқушы мектеп ережесіне сәйкес форма сақтауға және сабақтан тыс уақытта қосымша сабақтар, үйірмелер үшін келсе міндетті түрде мектеп формасымен келуге міндетті.
Ер балалар үшін:
• Ақ көйлек;
• Қара-көк түсті кеудеше;
• Қара-көк түсті жемпір;
• Қара-көк түсті шалбар; ( классикалық стильде) ;
• Қара галстук;
Қыз балалар үшін:
• Ақ көйлек;
• Қара –көк түсті кеудеше;
• Қара -көк түсті жемпір;
• Қара-көк түсті шалбар ( классикалық стильде) ;
• Қара –көк түсті юбка ( юбканың ұзындығы тізеге дейін) ;
АӘТД формасына қойылатын талаптар :
Әскери жейде, қара түсті галстук;
АӘТД формасын АӘТД сабағы болатын күні киіп келуге міндетті;
Дене шынықтыру киімдеріне қойылатын талаптар:
1-4 сыныптар үшін:
Спорттық киім, спорттық платформасыз аяқ киім;
5-8 сыныптар үшін:
Спорттық киім, спорттық платформасыз аяқ киім;
9-11 сыныптар үшін:
Қара түсті футболка
Спорттық шалбар, спорттық платформасыз аяқ киім;
Технология пәні киімдеріне қойылатын талаптар:
Ер балалар үшін : алжапқыш
Қыз балалар үшін: алжапқыш, орамал;
Мектептегі кезекші әкімшіліктің қызметтік нұсқаулығы
1. Жалпы ереже
1.1 Кезекші әкімшілік мектеп директорының бұйрығы негізінде директор орынбасарларынан бекітіледі.
1.2 Кезекші әкімшілік тікелей мектеп директорына бағынады.
1.3 Кезекші әкімшілікке ұйымдастыру сұрақтары бойынша тікелей бағынады:
- Кезекші сыныптардың сынып жетекшілері
- Кезекші мұғалімдер
1.4 Кезекші әкімшілік өзінің қызметінде ҚР білім туралы,ҚР еңбек кодексі, ҚР «Бала құқығы туралы» ратифициялаған конвенция , ҚР азаматтық кодекс заңдары мен ҚР мемлекеттік білім бағдарламасының қаулысы ,ҚР «Неке және отбасы туралы» заңын, мектеп ережесін білім министрлігі мен басқа да мекемелердің білімге қатысты сұрақтарды, әкімшілік, еңбек, шаруашылық заңнамаларын, еңбекті қорғау нормасы, қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін және мектептің құқықтық актілерін (оның ішінде ішкі еңбек тәртіп ережелері) басшылыққа алады. Кезекші әкімшілік балалар құқығын қорғау Конвенциясын сақтайды.
2. Қызметі
Кезекші әкімшілік қызметінің негізгі бағыттарына кіретін:
2.1 Өзінің кезекші кезінде тәрбие мен білім беру үрдісін ҚР заңнамаларымен мектеп Уставна сәйкес ұйымдастырады.
3. Қызметтік міндеттері:
Кезекші әкімшілік келесі қызметтік міндеттерді атқаруы тиіс:
3.1 Ұйымдастырады:
- тәрбие мен білім беру үрдісіне қатысты барлық сабақ кестесі, үйірме, секциялардың және т.б жүргізілуін;
- қажет болған жағдайда, авария қызметін шақыру және қадағалау;
3.2 Бағыттайды:
- әлдеқандай жағдайларда коммуналдық авариялық және өрт, су арнайы қызметкерлермен біргіп, мектеп оқушыларын, қызметкерлерін бағыттау жұмыстарына;
3.3 Әлдеқандай жағдайларда басқарады:
- авариялық және арнайы топтардың жұмысын ұйымдастыруды;
- мектеп қызметкерлерімен оқушылардың қызметін ұйымдастыруды;
- қызметкерлермен оқушыларды көшіруді;
3.4 Бақылайды:
- мектептің ішкі еңбек ережесінің орындалуымен, қызметкерлердің жұмыс тәртібін;
- оқушылардың тәртіп ережелерін;
- барлық білім беру үрдісіне қатысты үйірме, секция т,б кестелерінің сақталуын;
3.5 Түзетеді:
- оқыс жағдайларда үйірме, секция т,б кестелерін;
3.6.Кеңес береді:
- оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру сұрақтары бойынша мектеп оқушыларына, оқушыларға, және олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне)
3.7 Қамтамасыз етеді:
- әлдеқандай жағдайларда коммуналдық авариялық және арнайы қызметкерлер, ата-аналармен, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымымен тиімді өзара байланысты;
- өз кезекшілігінде барлық білім беру үрдісінде мектептің жұмыс пен сабақ кестесін бұзушылардан себебі туралы жазбаша түсініктеме алу;
Құқылы:
Кезекші әкімшілік
4.1 өз кезекшілігінде тәрбие-білім беру үрдісін ұйымдастыруға байланысты кез-келген шешім қабылдап басқаруға;
4.2.Мектеп қызметкерлерінен мектептің ішкі еңбек ережесі, қызметкерлердің жұмыс тәртібі, сабақ, үйірме, секция т.б. кестелерінің сақталуын талап етуге;
4.3 Мектеп қызметкерлеріне міндеттерді бөліп беруге;
4.4 Оқу-тәрбие үрдісіндегі мадақтау және ескерту туралы бекітілген ережелер бойынша оқушыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту.
4.5 Мектеп қызметкерлерін жауапкершілік тәртіпке ұсынуға;
Жауапты
5.1 Мектептің ішкі тәртіп ережесі мен Жарғысын мүлдем орындағаны немесе себепсіз орындамағаны үшін мектеп директорының және жергілікті нормативті актілері мен қызметтік міндеттерін осы қойылған нұсқаулықтарды, оның ішінде ұсынылған ұсынылған ережені қолданбағаны үшін.
5.2 Кезекші әкімшілік жеке оқушыға дене жарақаты мен психикалық тұрғыда бір рет нұсқан келтіргені үшін атақарып отырған қызметінен ҚР-ның «Білім беру туралы» Заңы мен Еңбек Кодексі талаптары негізінде босатылады.
5.3 Әкімшілік өз кезекшілігінде ережелерде қарастырылғандай еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-гигеналық ережелерді білім беру мен шаруашылық үрдісінде бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
5.4 Әкімшілік өзінің қызметтік міндетін атқаруда мектепке немесе білім беру үрдісіне қастысушыға нұқсан келтіргені үшін бекітілген еңбек және азаматтық заңнамалармен материалдық жауапкершілікті қамтиды.
Өзара қарым - қатынас. Қызметіне байланысты.
Кезекші әкімшілік:
6.1.Мектеп директорының бекітілген кестесімен жұмыс істейді;
6.2. Мектептегі оқушылардың өмірімен денсаулығына байланысты болған барлық оқыс жағдайлардың талапқа сай орындалуын хабарлайды.
Кәсіподақ ұйымының төрайымы: Байманова А.Б.
Мектеп директоры: Абуов Р.Г.