"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СТЕПНЯК ҚАЛАСЫНЫҢ АБАЙ АТЫНДАҒЫ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРОЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ИМЕНИ АБАЯ ГОРОДА СТЕПНЯК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРОЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

День языка

27.09.2018

Біздің мектебімізде биылғы оқу жылында да жыл сайынғы дәстүр бойынша 12 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесін тойлау басталды. Ол ең алдымен тілге, сол арқылы жасалатын мәдениет пен өнерге деген көрсетілуге тиіс ілтипаттың бір өнегесі. Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орын алған мереке – ұлт тілдеріне құрмет көрсетілетін ортақ мейрам. Қыркүйек айының 22 күні «Қазақ тілі - мемлекеттік дәрежесін алған күн» болып саналады. Ендеше, Сіздерді елімізде тойланып жатқан  осы Халықаралық тілдер күнімен құттықтай отыра, осы мереке де біздің мектебімізде тойланып өтті. 1-күні мерекелік іс-шараның жоспарымен таныстырып,«Ағылшынша сөйлейтін елдер» жайында ағылшын тілінің мұғалімі  Қаирдосова Айсұлу Мұхамедияқызы  5-11 сынып оқушылармен слайд шоу өткізді. 2- күні  5- 11 сынып оқушылары арасында«Ең үздік жүргізушілер» байқауы болды. Бұл іс –шарада 9 «А» сынып оқушылары Жарылғасынова  Балсая мен Жанатбеков Санжар  1 орынды иеленіп, 3- күні. «Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім» атты үш тілдік мәнерлеп оқу сайысында жүргізуші болды.Бұл сайыста 1 орынға ие болған 11- сынып оқушысы  Жарылғасынова Айым, 2 орынға  6-сынып оқушысы Бекет Жансая және 7- сынып оқушысы Сеиілбеков Арсен жеңіп алды.Мерекеміздің қорытынды күні «Тіл – достық дәнекері» атты фестивальімен аяқтадық. Фестивальда барлық сыныптардың  өнерлерін тамашалап, жақсы бір серігіп қалдық.

Ана тілі – адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерек. Ана тілі жүректің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын қазына екенін әрдайым  есте ұстайық.

Просмотров: 252

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст