Текст
2017 жыл 3-ақпан күні мектебімізде Аудандық "Жарқын болашақ" олимпиадасы өтті. Олимпиадаға ауданымыздың барлық мектептері қатысты. Олимпиада 5 кезеңге бөлінді. Олимпиаданың бет пердесін аудандық білім бөлімінің бас маманы, төре алқасы Ақшалова Ақкенже Төлеубайқызы ашып берді. Әр кезеңге әділ қазылар алқасы сайланып өздерінің әділ бағаларын берді. Мектебіміздің өнер залында "Сөз шеберлері" мен "Әнші - бұлбұлдар" номинациясы өтті.