Мектепке жаңа автобус
04 қыркүйек күні жана 2017 - 2018 оқу жылы қарсаңында мектебімізге оқушыларға арналған автокөліктің кілтін табыс ету салтанаты өтті.
Салтанатты жиынға аудан әкімі Қиықов Асқар Мейрамбекұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Абдикенов Руслан Қазбекұлы, "НҰР ОТАН" партиясының бірінші орынбасары Жомартов Өміртай Өсербайұлы және мектептің барлық оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Жаңа автокөліктің кілтін табыс ету үшін сөз аудан әкімі Қиықов Асқар Мейрамбекұлы берілді.
Аудан әкімі Қиықов Асқар Мейрамбекұлы автокөліктің кілтін мектеп директоры Абуова Күлжиан Ануарбекқызына салтанатты түрде табыс етті. Мектебіміздің зейнеткері Құсайынова Күмісжан Рамазанқызы шашу шашты. Мектебімізге жаңа автокөлік сыйлағаны үшін өз ризашылығын білдіріп мектеп лиректоры Абуова Күлжиан Ануарбекқызы сөз сөйледі.
Аавтокөліктің іші оқушыларға қолайлы, әр орындықта оқушыларға арналған қауіпсіздік белдігі бар, жеке сөмке қоятын сөрелер орналасқан. Бастауыш сынып оқушыларына арналған ыңғайлы баспалдығы бар. Мектебімізге осындай жаңа автокөлік сыйлағаны үшін аудан әкіміне шексіз.
Мұғалім А.Б.Байманова