"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СТЕПНЯК ҚАЛАСЫНЫҢ АБАЙ АТЫНДАҒЫ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРОЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ИМЕНИ АБАЯ ГОРОДА СТЕПНЯК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРОЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

17.11.2017

Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік

Жол қауіпсіздігі ережесін сақтау мәселесі қай кезде де күн тәртібінен түскен емес. Әрине, жол қауіпсіздігін сақтау адам өмірін қорғау дейтін болсақ, бүгінде өңірімізде жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алатын жол - көлік оқиғаларының алдын алу, оқушыларды жолда жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру, жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден өтуіне кедергі жасау мақсатында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Жуырда Еңбекшілдер АІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ-ның полиция аға лейтенанты Зыкрин Манас Мирасұлының қатысуымен және Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Н. Шакиров "Жолда жүру ережелерін сақтау" тақырыбында іс-шара өткізілді.

Аға лейтенант М.Зыкрин оқушыларға жол ережелері туралы түсіндірме жұмыс жүргізді: "Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді". Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп бара жатқан көлікке жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кету салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер көліктің дөңгелегіне ілініп қаза туып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сонымен қатар "Өз өмірінді қауіп- қатерден сақтау" өз міндеттерің -деді.

Іс-шара барында оқушыларға жолда жүру ережесін мақтау, жаяу жүргіншілердің жолда жүру қауіпсіздігін арттыру бойынша тусінддірмелік жұмыстар жүргізіліп, арнайы-ақпараттық материалдыр таратылды.

Абай атындағы № 2 қазақ орта мектебінің тәлімгері

Гүлғайым Шарипова

Просмотров: 292


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст