Текст
08.01.2026
Бурабай ауданының білім бөлімі ұйымдастырған «Адал Азамат» бағдарламасы аясындағы өңірлік дебат турниріне мектебіміздің оқушылары қатысып қайтты. Турнир Щучинск қаласындағы №7 мектеп-лицей базасында өткізілді.
Мектебімізден 9–11 сынып оқушылары қатысып, өз білімдері мен пікірталас дағдыларын танытты. Жүлделі орын алған жоқ, дегенмен оқушылар үшін бұл — тәжірибе жинақтап, өзін дамытуға зор мүмкіндік болды.
Қатысушылар мен жетекші мұғалімге еңбектері үшін алғыс білдіреміз! Алдағы жарыстарда үздік нәтижелерге қол жеткіземіз деп сенеміз.