Текст
📌2025 жылғы 21 ақпанда Жастар ресурстық орталығы және Біржан сал аудандық полиция бөлімі бірлесіп, «Жеңіс» спорттық - сауықтыру кешеңінде “Спорт - есірткіге қарсы!” атты ұйымдар мен мекемелер арасында аудандық футзал турнирі өткізді.
🔸 Ойын қорытындысы бойынша: Абай атындағы N2 жалпы орта білім беретін мектебінің командасы жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлады.
Сонымен бірге , мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Еламан Кенжебаев
🔹«Үздік шабуылшы» атанса, мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Жақсылық Абсалямов 🔸«Турнирдің үздік ойыншысы» атанды.
Жеңіс құтты болсын! Алла Тағала әрдайым биік шыңдардан көріне беруді нәсіп етсін!