"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СТЕПНЯК ҚАЛАСЫНЫҢ АБАЙ АТЫНДАҒЫ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРОЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ИМЕНИ АБАЯ ГОРОДА СТЕПНЯК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРОЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

хаттама

01.03.2022

 

«Абай атындағы №2 жалпы  орта білім беретін  мектебі» КММ  әдістемелік кеңестің

 

№ 1 хаттамасы

24.08.2021 жыл

Қатысқаны- 28

Қатыспағаны - 0

 

Күн тәртібінде:

  1. Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің есебін тыңдау
  2. 2021-2022 оқу жылына арналған әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарын бекіту
  3.  2021-2022 оқу жылының ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарда әдістемелік нұсқау хатымен таныстыру, іс жүзіне асыру.
  4. Жас мамандарға тәлімгерлер бекіту. ӘБ жетекшілерін сайлау
  5. Қашықтық оқыту барысында білім порталдарын зерделеу
  6. Құжаттамаларды жүргізу бойынша  бірыңғай талап.

 

 

Тыңдалды: 

  1. Оқу ісі орынбасары Н.А.Уразова

Оқу ісі орынбасары жаңа оқу жылына жасалып жатқан әдістемелік жұмыстың жоспарымен таныстырды. Оқу жылы барысында әдістемелік кеңестердің, әдістемелік жұмыстың жоспарының тарауларын түсіндіріп, талқылады. Жаңа оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы негізінде барлық жоспарлардың іске асатынын айта кетті. (Мұғалімдер тарапынан 130 бұйрықтағы қмж шаблонының ыңғайсыз екендігі айтылды, бірақ оқу жоспары бойынша 10 ұпайлық бағалауға ыңғайлы екендігі де сөз етілді.)

ҚМЖ жоспарлардың мұғалімнің өзіне ыңғайлы болуы керек екендігі айтылып осы уақытқа дейін жасалып жүрген қмж шаблонымен жұмыс жасалытыны айтылды. Жаңартылған білім мазмұны бойынша қмж жасалу жолдары, тараулары, мақсатпен жұмыс жасау ережесі  толық түсіндірілді.

  Ұсыныс: ҚМЖ жасау бойынша жаңартылған білім мазмұны бойынша жасалып жүрген шаблон  ыңғайлы еді. №130 бұйрық бойынша қмж шаблоны көп уақытты талап етеді және түсініксіз. Сол қмж-да жазылатын ақпараттардың, жұмыстаржың барлығын алдындағы қмж жоспарында да жазып жүрдік. Осы себептен өткен жылы жазып жүрген қмж шаблонын қалдыруды ұсынамын. (С.Ж.Сейдалина)

  1. Н.А.Уразова

Мектепте 4 әдістемелік кеңес жұмыс жасатыны айтылды. Сонымен қатар әрбір бірлестіктің жетекшілері аталып, бірлестік мүшелері аталып өтілді. Әдістемелік кеңестердің жұмыс жоспарларында не қамтылуы тиіс екендігі айтылды. Әдістемелік бірлестіктердің жетекшілерінің алғы сөздері

тыңдалды. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша әдістемелік бірлестік жетекшілері сөз алды. Жыл бойғы жұмыстарға қорытынды жасап, жаңа оқу жылына мақсаттар мен міндеттер қойды.

  1. Жұмыс барысы бойынша мұғалімдерден, сынып жетекшілерден талап етілетін құжаттар тізімі айтылды. Сонымен қатар мұғалімдер жүргізуі тиіс құжаттардың жүргізілу ережесі толық көрсетіліп, түсіндірілді. Жаңа оқу жылына жасалған әдістемелік нұсқау хат толығымен талданды.
  2. Биылғы оқу жылында мектепке жас және қайта оралған мамандар көптеп келгені айтылды және оларға тәлімгерлер тағайындалды.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Ә. Назарбекке ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші А.М.Қайырдосова, бастауыш сынып мұғалімі Д.Какармановаға бастаыш сынып мұғалімі педагог-зерттеуші Г.Сыздыкова тағайындалды. Тәлімгерлер мен тәлім алушылардың міндеттері аталып өтілді.

5.келесі мәселе қашықтан білім беруге жетті. Бұл сұрақ бойынша алдын ала дайындалған мұғалімдерге сөз берілді. Баяндамашылар өздері сынап көрген қашықтан оқыту бойнша қосымшалар мен платформаларды ұсынып, қалай жұмыс жасайтындығын түсіндірді. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері GOOGLE BOARD тақтасын ұсынса, орыс тілі пәнінің мұғалімдері барлық балалар қашықта отырып-ақ бірдей қолдана алатын PADLET тақтасымен жұмыс жасау тиімді екендігін және балалардың барлығына қолжетімді екендігі айтылды. Басқада мұғалімдер өздерінің ұсыныстарын айтып бірнеше білім платформалары талданып, сарапталды.

6. оқу жылы барысында  мұғалімдерден талап етілетін құжаттар тізімі айтылып, көрсетілді. Сонымен қатар КТЖ, ҚМЖ бірыңғай кестесі ұсынылды. Барлық жоспарлар мен басқа да құжаттар көк түсті файл папкасында жасалуы тиіс екендігі айтылды.

 

Ұсыныс қабылданды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылай келе әдістемелік кеңес шешім қабылдады.

  1. ҚМЖ жоспарын жаңартылған білім мазмұны бойынша шаблонды қалдыру
  2. Әдістемелік бірлестіктердің жоспарын реттеу
  3. Педагогтардан талап етілетін құжаттарды ретке келтіріп, жаңа оқу жылының жоспарларын толық жасау.
  4. Балаларға ыңғайлы, қолжетімді платформалар қолданылсын

 

 

Әдістемелік кеңес төрайымы Н.А.Уразова

Хатшы  Б.К.Искакова

 

 

 

 

«Абай атындағы №2 ЖОББМ » КММ   әдістемелік кеңестің

№ 3 хаттамасы

05.11.2021 жыл

Қатысқаны- 30

Қатыспағаны - 0

 

Күн тәртібінде:

  1. Әдістемелік бірлестіктердің есептері
  2. Z ұрпақтары, олардың дағдылары мен қызығушылықтарына қарай қалай оқыту керек?
  3. Әдістемелік бірлестіктердің құрамын өзгерту
  4. Әртүрлі мәселелер (ҚМЖ, өзіндік білім жетілдіру жоспары)

 

Тыңдалды: 

1.Оқу ісі орынбасары Н.А.Уразова

Бүгінгі кеңестің мотивациялық-мақсаттық түрде өтетіні аталып өтілді. 2020-2021 оқу жылының 1 тоқсанының аяқталғанын айта келе, осы уақтта жасалған жұмыстарға шамалы көз жүгіртіп айтып шықты. Балалардың қашықтан білім алуларына байланысты жасалған жұмыстардың қысқарғаны айтылды. Содан соң оқу ісі орынбасары әдістемелік бірлестіктердің жетекшілеріне сөз берді. Жетекшілер тоқсан бойы жасалған жұмыстар мен аяқталған жұмыстарды атап өтті. Әрбір мұғалімнің жасаған эжұмыстарына шолу жасалды. Алдағы уақытта жасалатын жұмыстарға талдау жасалып, талқыланды.

2. Н.А.Уразова

Баяндамашы Z ұрпақтарының ерекшеліктері мен қызығушылықтары, қажеттіліктері жайында толық ақпарат берді. Z ұрпақтарының қызығушылығына байланысты жұмыс жасамаса балалар сабаққа қызығушылығын жоғалтып алу мүмкін екендігі айтылды. Бұл балалардың ой қалыптасуы өте жылдам екендігі және  ақпараттық технологияларға тәуелді екендігі айтылды. Сол себептен балалардың қызығушылығын ақпараттық технологияны, әлеуметтік желілерді қолдана отырып өткен дұрыс екендігі айтылды. Жалпы қазіргі ұрпақтың қызығушылығын арттыра отырып, жетістіктерге жету жолдары, олармен жұмыс жасаудағы әдіс-тәсілдер толығымен айтылып, мұғалімдер пікірі де тыңдалды. Сонымен қатар оқуісі орынбасары Z ұрпақтарының қасиеттері мен қылықтарын йта кетіп, өзіміздің мектепте отырған балалардың ішінде осы қасиеті бар қандай балалар бар

екендігі сұралды, сол оқушымен қалай жұмыс жасар едіңіз деп мұғалімдерден с ұралып, пікірлер сарапталды.

Сөз алғандар: мектеп психологы Ә.Ж.Сулейменова

Z ұрпақтарының психологиялық ерекшеліктері жайында сөз қозғады. Олардың мінездеріндегі қиындықтар мен кемшіліктері, жұмыс жасауға оңтайлы тұстары сөз болды. Оларды қатты ренжітуге немесе қатты еркелетіп жіберуге де болмайтыны аталып, психологиялық тұрғыдан мінездеме берілді.

3. Оқу ісі орынбасары Ғ.И.Умирзахова

Осы күннен бастап әдістемелік кеңестің құрамы мен саны өзгеретінін айта кетті. Енді жаратылыстану-математикалық бағытындағы бірлестікке дене шынықтыру, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану пәні қосылатыны айтылды сәйкесінше осы пәндердің бірлестігі жабылатыны айтылды. Сонымен қатар жас мамандардың жеке бірлестігі ашылатыны айтылды. Оған жетекшілік ету Н.А.Уразоваға жүктелді. Жаңадан құрылған бірлестіктің құрамы аталып өтілді. Жас мамандар өздерінің пәні бойынша бірлестік пен жас мамандар бірлестігінде де жұмыс жасайтыны айтылды

  1. Оқу ісі орынбасары Н.А.Уразова

ҚМЖ жоспарының ережелері қайталанып айтылды. Басты бағыт оқу мақсаты мен сабақ мақсатының дұрыс жасалуына бөлінді. Сабақ мақсатын оқу мақсатына негіздеу міндетті екендігін айтылды, сабақ мақсатын дұрыс, SMART етіп жасауды үйретті. Сабақ мақсатына тапсырмалар, дескриптор барлығы негізделуі қажет екендігі айтылды.

Өзіндік білім жетілдіру жоспарының тараулары, жасчалу ережелері, жоспар бойынша жұмыс жасау сатылары толық айтылып, түсіндірілді. Бұл жоспардың 3 жылға жасалатыны айтылды. Әрбір өткен біліктілік арттыру курстарының сертификаттары папкаға салынып отыруы тиіс екендігі айтылды.

Ұсыныс қабылданды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылай келе әдістемелік кеңес шешім қабылдады.

  1. Әдістемелік бірлестік жұмысын талапқа сай етіп жетілдіру
  2. Қазіргі заман оқушыларының қызығушылығын арттыратын әдістерді сараптау
  3. Жаңадан құрылған әдістемелік бірлестіктер жұмысын жүйелеп, жоспарлары қайта қаралсын.
  4. ҚМЖ, өзіндік білім жетілдіру жоспарларын талапқа сай жасау

 

 

Әдістемелік кеңес төрайымы Н.А.Уразова

Хатшы  Б.К.Искакова

 

 

 

 

 

 

«Абай атындағы №2 жалпы  орта білім беретін  мектебі» КММ  әдістемелік кеңестің

 

№ 2 хаттамасы

30.09.2021 жыл

Қатысқаны- 30

Қатыспағаны - 0

 

Күн тәртібінде:

  1. Қашықтан оқыту барысы мәселелері

 

 

Тыңдалды: 

1.Оқу ісі орынбасары Н.А.Уразова

 2021-2022 оқу жылының алғашқы оқу айының аяқталғаны жайында айта отырып, қашықтан сабақтар қалай басталғандығы айтылды. Қашықтан оқыту барысында қандай қиындықтар болғандығы мұғалімдерден сұралды.

Мұғалімдердің біршамасы алғашқы айда кейбір балалардың сабаққа шығуында қиындықтар болғандығын айтты.

  1. Тәрбие ісі орынбасары Р.Суттубаева

Қай оқушыларға компьютерлер таратылғанын, кімнің үйінде ғаламторға шығуға мүмкіндік  бар немесе жоқ екендігі айтылды.

 

  1. Оқу ісі орынбасры Ғ.Умирзахова

Мектеп қорындағы компьютерлерден мұғалімдерге де берілгендігін айта отырып, күнделік кз, онлайн мектеп платформаларында жұмыс жасау жүйесін көрсетті. Қашықтан оқу барысында жұмыс жасауға болатын тиімді әдіс – тәсілдер сараланып, аталып өтілді.

 

Сөз алғандар:

Барлық жиынға қатысып отырған мұғалімдер қашықтан оқу барысында оқушыларға қол жетімді әрі тиімді платформалар мен білім сайттарын айтып, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар қиындық тудырып отырған оқушылармен жасалған жұмыстарының тиімділеріне сараптама жасап, өзара пікір алмасып, тәжірибе алмасты.

 

 

Ұсыныс қабылданды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе аралық әдістемелік кеңес шешім қабылдады.

  1. Қашықтан оқыту барысында қиындық  тудырған балалармен жұмысты жүйедеу.
  2. Балалардың сабаққа қатысуларын сынып жетекшілер қадағаласын

 

 

Әдістемелік кеңес төрайымы Н.А.Уразова

Хатшы  Б.К.Искакова

 

 

«Абай атындағы №2 жалпы  орта білім беретін  мектебі» КММ  әдістемелік кеңестің

 

 (коучинг түрінде)

 

№4 хаттамасы

04.11.2021 жыл

Қатысқаны- 26

Қатыспағаны - 0

 

Күн тәртібінде:

  1. Сапалы ҚМЖ жасау жолдары (Н.А.Уразова, А.М.Қайырдосова)

 

Аралық әдістемелік шыған кеңес коучинг түрінде өтті. Жиын барысында мұғалімдерге оқу ісі орынбасарлары ҚМЖ жасау ережелерімен таныстырып өтті. ҚМЖ жасау барысында ең алдымен оқу жоспарына мән беру керек екендігі сол арқылы сабақ мақсатын шығару қажет екендігі аталып өтілді. Тапсырмалар мен барлық сабақтың сатылары оқу және сабақ мақсаттарына негізделуі қажет екендігі айтылып кетті. Содан соң ағылшын тілі пәні мұғалімі А.С.Қайырдосова және оқу ісі орынбасары Н.А.Уразова ҚМЖ және оны жасау жолдары тақырыбында жиынды коучинг ретінде жалғастырды. Коучингте қмж жасау бойынша бірнеше пәндерден маыслдар келтіріліпі, мұғалімдерге тапсырмалар берілді. Тапсырмаларды орындау арқылы мұғалімдер өзара ақылдасып, жоспарды тиімді жасау, барлығын мақстақа негіздеуді үйренді.

 

Ұсыныс қабылданды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе аралық әдістемелік кеңес шешім қабылдады.

  1. ҚМЖ бойынша жасалған ұсыныстар мен әдіс-тәсілдерді қолдану

 

Әдістемелік кеңес төрайымы Н.А.Уразова

Хатшы  Б.К.Искакова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Абай атындағы №2 жалпы  орта білім беретін  мектебі» КММ  әдістемелік кеңестің

 

 (коучинг түрінде)

 

№5 хаттамасы

3.12.2021 жыл

Қатысқаны- 26

Қатыспағаны - 0

 

Күн тәртібінде:

  1. БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын құрастыру, жұмыс спецификациясына  түсініктеме  (Н.А.Уразова, А.М.Қайырдосова)

 

Жиын барысында бжб,тжб құрастыру бойынша негізге алатын құжаттармен және тапсырмалар мөлшері, сапасы таныстырылды. Содан соң 1 тоқсанда кейбір мұғалімдердің бжб,тжб тапсырмасын құрастыру барысында өрескел қателер жібергендігі айтылды. Осы орайда мұғалімдерге бүгінгі жиын жасалып отырғандығы айтылып кетті.

Содан соң ағылшын тілі пәні мұғалімі және оқу ісі орынбасары жоғарыда аталған тақырып бойынша коучинг жиынын бастады.

Жиында мұғалімдер бжб,тжб тапсырмаларын құрау барысында қандай ережелерді қатаң сақтау керектігі, қашықтан оқу барысындағы бжб,тжб алудың ерекшеліктері айтылды. Барлық ережелер толығымен түсіндірілгеннен кейін әртүрлі пәндердің мұғалімдерінің жасаған бжб,тжб тапсырмалары талқылануға ортаға тасталды. Осы тапсырмалар бойынша мұғалімдер пікір алмасып, өзара ережелерді талқылады. Сонымен қатар әр пәннен әртүрлі мақсаттар беріліп, мұғалімдер тобы сол мақсаттар бойынша тапсырмалар дайындады.

 

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе аралық әдістемелік кеңес шешім қабылдады.

  1. Бжб.тжб тапсырмаларын құрастыру барысында бекітілген құжаттарды негізге алу
  2. Бжб, тжб тапсырмаларының шектелген санын қатаң сақтау

 

 

Әдістемелік кеңес төрайымы Н.А.Уразова

Хатшы  Б.К.Искакова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Абай атындағы №2 жалпы  орта білім беретін  мектебі» КММ  әдістемелік кеңестің

 

№6 хаттамасы

07.01.2021 жыл

Қатысқаны- 30

Қатыспағаны - 0

 

Күн тәртібінде:

  1. Озық тәжірибе тарату жолдары
  2. Оқушылардың ғылыми жобалармен жұмысын сараптау
  3. Мектеп мұғалімдерінің жұмысын саралау
  4. Аудандық, облыстық озық тәжірибе таратуға ұсыну

 

Тыңдалды: 

1.Оқу ісі орынбасары Н.А.Уразова

Педагогикалық озық тәжірибе –оқыту мен тәрбиелеудің жоғары деңгейіне жеткен жаңашыл-педагогтың өзекті шығармашыл тәжірибесі екендігін айтты оқу ісі орынбасары. В.И.Загвязинскийдің пікірі бойынша ПОТ қазіргі талаптарға жауап беретін, үнемі жетілдіріліп отыруға мүмкіндіктер ашатын, үздік нәтиже беретін педагогикалық қызметтің үлгісі екендігін айта отырып, оны жасау жолдарын айтты. Сонымен қатар озық  тәжірині анықтаудыңбірнеше белгісін атай келе, барлық мұғалімдерге өз жұмыстарына көз жүргізуді тапсырды.

Озық тәжірибе таратудың мақсаты мен міндеттерін айта келе мұның білім жетілдірудің бір сатысы екені айтылды яғни өз білімін жетілдірудің көзі екендігі айтыла кетті.

Содын соң озық тәжірибе таратуға ұсынылған мұғалімдердің жұмыстары тыңдалды.

  1. Дене шынықытру пәні мұғалімі Ж.Н.Абсалямов

«Дене шынықтыру сабағында оқушылардың қимыл-қозғалыстары мен жаттығуларының кешені» тақырыбында озық тәжірибесімен бөлісті. Аталған жұмыстың мазмұнын таныстыра отырып, қай пән мұғалімдері қолдана алатындығына да шолу жасап кетті Жақсылық Насриденұлы.

  Ұсыныс: тақырып жақсы ашылған бірақ жұмысты қорғау барысында, жалпы кез-келген жұмысты жасау алдында оның мақсаты мен міндеті, күтілетін нәтижесі болуы керек – деді Назира Аметқызы. Және қорғау барысында слайдтарды парақтай бермей гиперссылка арқылы көрсеткен әсерлі және әдемі болатыны айтылды. Сонымен қатар тақырыпты шамалы өзгерту ұсынылды.(Н.Уразова)

  1. Бастауыш сынып мұғалімі Б.С.Шакирова

Жанар Сайранқызының жұмыс тақырыбы «Оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекетін немесе бос уақытын жоспарлау» Жанар Сайранқызы осы тақырыптағы жұмысын қорғап шықты. Көзделген мақсаты мен міндеті, жұмыс барсы, жоспардың мазмұны түсіндірілді.

 

 

 

 Ұсыныс: баяндама есеп тапсыру сияқты көрініп қалды, озық тәжірибені тарату барысында мұғалім алдымен тәжірибесінің мазмұнын толық ашуы тиіс, басқа мұғалімдер оны қолдана алуы керек –деді ағылшы тілі мұғалімі А.Қайырдосова. баяндаманы озық тәжірибе ретінде рәсімдеу қажеттігі ұсынылды.

  1. Химия пәні мұғалімі К.М.Нуралина

Ғылыми жоба 8-сынып оқушысы Уразбай Айданамен жүргізіліп жатыр. Тақырыбы «Қара және хош иісті иіс сабын жасау. Бизнес жоба» екендігі айтылды. Қымбат Муратқызы оқушының ғылыми жоба бойынша жасап жатқан жұмыстарын айта келіп, жұмыстың рәсімделуін, қорғауға дайындалған слайдтарымен бөлісті. Осы тақырыпты не үшін таңдағандығы және қазіргі уақытта сабындар жасап, қаражат табуа болатындығы сөз етілді. Сонымен қатар сабындар жасап, ақша табу жолдарын, саынның тарихтағы маңызын, оның жасалу құрамы мен денсаулыққа пайдалы тұстарын да айта кетті.

  Ұсыныс: ғылыми жобаның ең басты міндеті қандай да бір ұсыныс яғни жаңалық болуы керек-деді Назира Аметқызы. Ғылыми жоба жасау барысында алынған тақырыптың өзектілігі мен айтылып жатқан ақпараттардың өмірде маңызы бар болғаны дұрыс. Сонымен қатар ғылыми жобаның күнделігін ретке келтіру керек екендігі айтылды.

  1. Бастауыш сынып мұғалімі Г.Шарипова

Гүлғайым Партизанқызы ғылыми жобаларын Отар Көркеммен бірге жасап жатқандығын айтты. Ғылыми жобаның тақырыбы: Құрт-қазақтың ұлттық тағамы. Мұғалім оқушысымен жасалған жұмыстары мен жобаның рәсімделуімен бөлісіп, түсіндіріп шықты.

    Ұсыныс: жобаның тарихпен қатысты болуы өте жақсы шыққандығы айтылды. Жобаны қорғауға оқушыны жан-жақты дайындау керектігі айтылды.

  1. География пәні мұғалімі Г.Умирзахова

Ғалия Ибрагимқызы жобаны 8-сынып оқушысы Шинабек Мадианамен жасап жатқанын айта келіп, жобаның тақырыбы «Климаттық өзгерістер; Жаһандық жылыну және оны азайту жолдары» тақырыбында екндігі айтылды. Жобаны 9-сынып бағдарламасында осы тақырып бойынша оқушыларға арналған тақырыптың өте аз екендігі себеп болғанын айта кетіп, жоба жұмысымен таныстырды мұғалім. Сонымен қатар рәсімделген құжаттарды көрсетіп, ой бөлісті.

   Ұсыныс: Назира Аметқызы егер 9-сыныпта осы тақырып бойынша озық тәжірибеге материал дайындау тапсырылды. Егер оқу бағдарламаларында аз уақыт берілген болса және осы тақырып бойынша ақпарат аз болса соларды жинқтап мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде ұсыну айтылды.

Қорытынды: әдістемелік кеңес соңында қаңтар айынан бастап пән апталықтары басталатындығы айтылып, мұғалімдерге ашық сабақтарға қатысып жүру ұсынылды. Сонымен қатар бүгінгі жасалған, тыңдалған жұмыстар өз деңгейіндегі орындарға ұсынылатыны айтылды.

 

 

 

Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылай келе әдістемелік кеңес шешім қабылдады.

  1. Ж.Н.Абсалямов, Б.Шакирова, К.Нуралина, Г.Умирзахова, Г.Шарипованың жұмыстары ауданға ұсынылсын.
  2. Апталықтарға тыңғылықты дайындық жүргізілсін

 

Әдістемелік кеңес төрайымы Н.А.Уразова

Хатшы  Б.К.Искакова

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 01.03.2022 00:17
Құрылған күні: 01.03.2022 00:17

Текст