"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СТЕПНЯК ҚАЛАСЫНЫҢ АБАЙ АТЫНДАҒЫ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРОЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ИМЕНИ АБАЯ ГОРОДА СТЕПНЯК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРОЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі

07.06.2022

Жобаға қатысқысы келетін ұйымдар ағымдағы жылдың 17 маусымға дейін (қоса алғанда) білім бөліміне (аумағы бойынша) келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

1)«Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесіне нысан бойынша енгізу туралы білім  бөлімі басшысының атына өтініш (қосымша 1);

2) комиссия төрағасының атына нысан бойынша өтініш (қосымша 2);

3) нысан бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына қатысу туралы ұйымның мәліметтері (қосымша 3);

4) құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімнен ерте емес күні бар ғимараттың (үй-жайдың) сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі;

5) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі;

6)Ұйымның жарғысы (Ереже, құрылтай шарты);

7)тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде құжаттар тапсырылғанға дейін бір ай бұрын салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқтығы туралы мәліметтер;

8) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ұйым пайдаланатын жалға алу шартының көшірмесі;

9) балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламалары;

10) педагогтердің педагогикалық немесе кәсіптік білімі туралы құжаттарының көшірмесі;

11) педагогтердің біліктілік деңгейі туралы нысан бойынша мәліметтер, сондай-ақ педагогтің біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлігі қоса беріледі (қосымша 4);

12) Ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) (жарғыға, құрылтай құжаттарына, келісімшартқа сәйкес) көшірмелерінің немесе Ұйымның тәжірибесінің жоқтығы туралы хаттың болуы. 

Аталған құжаттар нөмірленеді, тігіледі, ұйым басшысы қол қояды, мөрмен (бар болса) немесе басшының қолымен расталады.

Нысандар қоса беріледі.

Үйірмелер/секциялар түрлері

бал билері (60 орын);

хореографиялық ансамбль (110 орын); 

кестелеу (10 орын);

графика (10 орын);

ағаш ою (9 орын);

компьютерлік графика (171 орын);

классикалык волейбол (20 орын);

таэквандо WTF (15 орын);

жүзу (1390 орын);

футбол (1510 орын);

гандбол (20 орын)

Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін:

ұлттық (халықтық) билер (10 орын);

ішекті аспаптар (13 орын);

эстрадалық вокал (8 орын);

Кескіндеме, сурет салу (211орын);

Кестелеу (25);

бисермен өру (20 орын);

компьютерлік графика (85);

шығармашылық шеберхана (7 орын);

көркем гимнастика (100 орын);

жүзу (988 орын);

шахмат (94 орын);

футбол (20 орын).

Приложение

Просмотров: 131


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст